• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 9 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ: БІРЛІК БЕН ЫНТЫМАҚҚА ЖАРҚЫН ҮЛГІ

01.10.2026
in Без рубрики
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ: БІРЛІК БЕН ЫНТЫМАҚҚА ЖАРҚЫН ҮЛГІ

Шымкент қалалық Достық үйінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ерекше салтанатты әрі тағылымды іс-шара өтті. Аталған жиын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен қаладағы этномәдени бірлестіктер төрағаларының бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Шараның басты мақсаты – еліміздегі қоғамдық келісімді, этносаралық татулықты, достық пен тұрақтылықты нығайтуға саналы ғұмырын арнаған аға буын өкілдеріне және ардагерлерге лайықты құрмет көрсету.

Оқи отырыңыз...

Әлеуметтік көмектің атаулылығы: Түркістан облысындағы заңбұзушылықтар нені көрсетті?

07.11.2026

06.11.2026
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

06.11.2026

Салтанатты іс-шара барысында ұзақ жылдар бойы қоғамдық-саяси және этномәдени бағытта табанды қызмет атқарып, қаламыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардақты қарияларымыз Ақбердиева Сайма Нәжіпқызы мен Бахман Иосиф Владимировичке ерекше құрмет көрсетілді.

Жиын барысында қоғамдағы бірлік пен достықты ту еткен ардагерлерге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Азамат Пармановтың атынан арнайы Алғыс хаттар мен гүл шоқтары салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан аға буын өкілдеріне ықылас белгісі ретінде арнайы мерекелік сый-сияпаттар ұсынылды.

Айта кетейік, Ақбердиева Сайма Нәжіпқызы өзінің саналы еңбек жолын мемлекеттік қызмет саласында бастап, әр жылдары облыстық және қалалық деңгейдегі жауапты лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Ал 2011–2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы қызметін атқарып, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің дамуына, қоғамдық келісімді, бірлік пен этносаралық татулықты сақтауға бағытталған көптеген маңызды бастамаларға белсене атсалысты.

Ал Бахман Иосиф Владимирович өзінің еңбек жолын өндірістік және транспорт-көлік салаларында бастап, кейіннен қоғамдық-мәдени қызметке белсене араласты. Ол 1996 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігіне ұзақ жылдар бойы жетекшілік етті. Иосиф Владимирович өңірдегі этнос өкілдерінің төл мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін сақтау мен дамытуға, жастар арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүйелі жүргізуге және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға қолұшын созуға орасан зор үлес қосты.

Аға буынның өмірлік жолы мен адал еңбегі – бүгінгі жастар мен келер ұрпақ үшін патриоттық тәрбиенің, елдік пен отансүйгіштіктің таптырмас мектебі. Достық үйінде өткен бұл іс-шара қоғамдағы рухани сабақтастық пен өзара құрметтің айқын көрінісі болды.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік көмектің атаулылығы: Түркістан облысындағы заңбұзушылықтар нені көрсетті?

07.11.2026

06.11.2026
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

06.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған