Сүт безі обыры туралы республикалық ақпараттандыру айлығы аясында Сауран аудандық емханасында әйелдер арасында аурудың алдын алу, ерте анықтау және скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесу өтті.
Кездесуге «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының басшысы Сағынбек Асылбеков, Сауран аудандық емханасының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар бойынша басшы орынбасарының міндетін атқарушы Руслан Сауранбай, Сауран аудандық емханасының маммолог-онколог дәрігері Илхамжан Исаков және әйелдер қауымы қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – әйелдер арасында сүт безі обырының алдын алу, ауруды ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығын түсіндіру, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақыру және әйелдердің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында маммолог-онколог дәрігер Илхамжан Исаков сүт безі обырының қауіп факторлары, алдын алу жолдары, алғашқы белгілері және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, скринингтік тексеруден өту тәртібі мен оның әйел денсаулығын сақтаудағы маңызы туралы ақпарат берілді.
Жиын соңында «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының басшысы Сағынбек Асылбеков сөз сөйлеп, әйел денсаулығына ерекше көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтті. Ол әрбір әйелдің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы медициналық тексеруден өтуі қажеттігін айтып, мұндай ақпараттық кездесулердің халықтың денсаулық мәдениетін арттырудағы рөліне тоқталды.
Әйел денсаулығы – отбасы амандығы мен ұлт саулығының маңызды негізі. Өз денсаулығына уақытылы көңіл бөлу, тексеруден өту және аурудың алдын алу – әрбір әйел үшін маңызды жауапкершілік.



