• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 3 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА «БАҚЫТ МЕКЕНІ» СПОРТТЫҚ КВЕСТІ ӨТТІ

03.10.2026
in Қоғам
ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА «БАҚЫТ МЕКЕНІ» СПОРТТЫҚ КВЕСТІ ӨТТІ

Шымкенттегі А. Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ бұл күні ерекше думанға бөленді. Мұнда жас отбасылар бас қосып, спорттық тапсырмаларды бірге орындап, өзара кімнің ұйымшыл әрі шапшаң екенін сынады. Әзіл де, бәсеке де, қолдау да қатар жүрген шараның басты кейіпкерлері – ата-ана мен баладан құралған отбасылар болды.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ГАСТРОНОМИЧЕСКИЙ ФЕСТИВАЛЬ «STREET FOOD FEST»

03.10.2026
ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

03.10.2026
ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА «БАҚЫТ МЕКЕНІ» СПОРТТЫҚ КВЕСТІ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ СПОРТИВНЫЙ КВЕСТ «БАҚЫТ МЕКЕНІ» СРЕДИ МОЛОДЫХ СЕМЕЙ

03.10.2026

Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Бақыт мекені» жобасы аясында жас отбасылар арасында спорттық квест өтті. Жобаға қатысуға 30-ға жуық отбасы өтініш білдірген. Оның ішінде финалға ең үздік нәтиже көрсеткен алты отбасы жолдама алды.

Жарыстың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, өзара сыйластық пен қолдауды арттыру. Сонымен қатар, жас отбасыларды белсенді өмір салтына баулып, бірге уақыт өткізудің қызықты әрі пайдалы жолдарын көрсету көзделді.

Сайысқа қатысушылар бірнеше күн бойы онлайн форматтағы отбасылық марафонда да бақ сынады. Бұл кезеңде отбасылар өздерін таныстырып, жақсылық жасауға бағытталған тапсырмаларды орындады, бірге шығармашылық жұмыстар әзірлеп, бейнероликтер ұсынды. Қатысушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы, шығармашылығы және командалық жұмысы бағаланды.

Финалға өткен отбасылардың әрқайсысы төрт адамнан – әке, ана және екі баладан құралды. Ал, ата-аналардың жасы 35 жастан аспауы тиіс болды.

Финалдық кезең дендросаябақ аумағында орналасқан алты түрлі «аралда» өтті. Әр нүктеде отбасы мүшелерін түрлі сынақтар күтіп тұрды. Қатысушылар тапсырмаларды орындап, кілттің бөліктерін жинады. Соңғы кезеңде жиналған бөлшектерді біріктіріп, тұтас кілт құрастыруы қажет болды.

Бұл жерде тек жылдамдықтың өзі жеткіліксіз еді. Әр отбасының бір-бірін қаншалықты қолдайтыны, тапсырманы бірге шешуі, балаларға демеу көрсетуі мен ортақ мақсатқа жұмыла білуі де маңызды болды. Сондықтан квест барысында спорттық шеберлікпен қатар, отбасының ұйымшылдығы мен командалық рухы да сыналды.

Финал соңында қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаз отбасыларды Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Әкімжан Анарбайұлы марапаттап, жас отбасыларға жылы лебізін білдірді.
– Бүгінгі сайыстың ерекшелігі – мұнда тек спорттық жарыс емес, отбасылық бірлік пен өзара қолдау қатар сыналды. Әке мен ананың балаға демеу болып, балалардың ата-анасына қолдау көрсеткенін көріп отырмыз. Бұл – кез келген жеңістен де маңызды.
«Бақыт мекені» жобасының мақсаты да – отбасылардың бірге уақыт өткізіп, бір-біріне жақын болуына жағдай жасау. Осындай шаралар арқылы біз берекелі, белсенді әрі тату отбасылардың қатарын көбейткіміз келеді, — деді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша:
Жайлымысовтар отбасы — бірінші орын, Мансуровтар отбасы және Қарабековтер отбасы — екінші орын,
Тасмуратовтар отбасы, Қадыровтар отбасы және Омаровтар отбасы — үшінші орынды иеленді.
Сонымен қатар, белсенділігімен, ерекше қырларымен көзге түскен отбасылар арнайы номинациялармен марапатталды.

Шара барысында финалистер ғана емес, жобаға қатысқан өзге де отбасылар белсенділік танытты. Қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ән мен би ұсынылды. Балалар мен ата-аналар бірге көңіл көтеріп, бір күнді отбасылық ортада мазмұнды өткізді.
«Бақыт мекені» жобасының негізгі ерекшелігі де осында – мұнда жеңістен бұрын отбасының бірге әрекет етуі, бір-біріне қолдау көрсетуі және бірге уақыт өткізуі маңызды.
Осындай шаралар жас отбасылардың арасындағы өзара түсіністікті арттырып, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ отбасымен бірге белсенді демалыс өткізудің мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ГАСТРОНОМИЧЕСКИЙ ФЕСТИВАЛЬ «STREET FOOD FEST»

03.10.2026
ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

03.10.2026
ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА «БАҚЫТ МЕКЕНІ» СПОРТТЫҚ КВЕСТІ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ СПОРТИВНЫЙ КВЕСТ «БАҚЫТ МЕКЕНІ» СРЕДИ МОЛОДЫХ СЕМЕЙ

03.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған