1 қазан – Қарттар күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбиелік-танымдық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буынның отбасы мен қоғамдағы әлеуметтік-мәдени рөлін айқындау, олардың мол өмірлік және кәсіби тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығының қоғамның рухани дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығындағы маңызын ғылыми-танымдық тұрғыдан зерделеу.
Дөңгелек үстел барысында аға буынның қоғамдық өмірдегі орны, өмірлік тәжірибенің тәрбиелік әлеуеті, отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүр, кәсіби сабақтастық және жастар тәрбиесіндегі аға ұрпақтың рөлі кеңінен талқыланды. Қатысушылар өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа мамандық таңдау, еңбек жолы, отбасы құндылықтары, адамгершілік қасиеттер мен өмірлік ұстанымдарға қатысты тағылымды ой-пікірлерін жеткізді.
Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасынан:
🔹 Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы – Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, дөңгелек үстел модераторы;
🔹 Сембиев Ордабай Зайтаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор;
🔹 Бейсенов Сембай Дайрабайұлы – педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі;
🔹 Алиев Уткур – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
🔹 Карибаев Сарсебай Өскенұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
🔹 Таубаева Мираш Емешовна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент;
🔹 Уразбаева Клара Әбдіразаққызы – химия ғылымдарының кандидаты, профессор;
🔹 Корганова Саипжамал Султановна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент қатысты.
Университеттің тәжірибелі профессор-оқытушыларының қатысуы іс-шараның мазмұнын байытып, ұрпақтар арасындағы білім, тәжірибе және құндылықтар сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік берді. Аға буын өкілдері жастарға кәсіби қалыптасу, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік және адамгершілік құндылықтардың маңызы жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар студенттер мен аға буын өкілдері арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушыларды толғандыратын мәселелер бойынша еркін сұхбат жүргізілді. Мұндай формат жастардың аға буын тәжірибесіне деген қызығушылығын арттырып, әлеуметтік және мәдени сабақтастықтың практикалық маңызын айқындады.
Дөңгелек үстел қорытындысы қарт адамдардың қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін құрметтеу, олардың рухани-мәдени мұрасын сақтау және кейінгі ұрпаққа өмірлік тәжірибесін жеткізу – қоғамдық тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі екенін көрсетті.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға алғыс білдіріліп, университет атынан кітаптар сыйға тартылды. Сондай-ақ естелік фотосуретке түсу рәсімі ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушы:
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті
«Тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығы





