• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 11 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
in Без рубрики
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

Қоғамдағы ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Елімізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, әдістемелік тұрғыдан жаңа талаптар бекітілді.

Оқи отырыңыз...

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

Командующий РгК «Оңтүстік» Нацгвардии рассказал школьникам о мужестве и служении Родине

11.09.2026
Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

11.09.2026
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады

10.09.2026

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жылына кемінде бір рет ішкі талдауды жүзеге асырады. Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 6 тамыздағы № 138 бұйрығымен тиісті қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған өзгерістерге сәйкес, егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган тарапынан талдау объектісінің қызметіне сыртқы талдау жүргізілсе, ішкі талдау ол аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізілетін болады.

Құжатта талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне қатысты бағыттар нақтыланған. Атап айтқанда, персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау, мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау-тексеру функцияларын іске асыру, бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, бюджеттік жоспарлау,  жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу,  цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану, талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Сонымен қатар, ішкі талдау жүргізуге арналған ақпарат көздері едәуір кеңейтілді. Ендігі кезекте заңды күшіне енген сот актілері, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда жарияланған материалдар, өтініштер және өзге де мәліметтер жан-жақты зерделенеді.

Маңызды жаңалықтардың бірі – субъектінің ішкі талдау нәтижелері бойынша сыртқы талдау жүргізу қажеттілігі туралы уәкілетті органға сұрау салуға құқығы бар. Анықталған тәуекелді лауазымдардың тізбесін әдеп жөніндегі уәкілдер мен комплаенс-қызметтер профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде пайдаланады.

Талдау нәтижелері мен іс-шаралар жоспарының орындалу барысы бірінші басшыға жарты жылда бір рет (15 қаңтар мен 15 шілдеге дейін) ұсынылып отырады. Осы процестердің сапасын қамтамасыз ету үшін Агенттік арнайы Әдістемелік ұсынымдар әзірледі.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIII Заңға сәйкес мүдделер қақтығысын реттеуге қатысты жаңа баптар енгізіліп (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), Әдістемелік ұсынымдар жеке мүдделерді декларациялау, қорытынды шығару және өзара байланыстылықты тексеру бөлігімен толықтырылды.

Жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар интернет-ресурстарындағы сыбайлас жемқорлық картограммасы бөлімінде тиісті мәліметтердің орналастырылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл шаралар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы ашықтықты арттырып, жемқорлық көріністерінің алдын алуға тың серпін бермек.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

Командующий РгК «Оңтүстік» Нацгвардии рассказал школьникам о мужестве и служении Родине

11.09.2026
Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

11.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған