«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы оқыту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде Мемлекеттік корпорацияның еліміздегі фронт-офистерінде 20 оқыту сыныбы жұмыс істейді. Мамандар қызмет алушыларды заманауи цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен таныстырып, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта өз бетінше алу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.
Жыл басынан бері сабақтарға 6 мыңнан астам адам қатысты. Қатысушылардың жартысынан көбі белсенділігі жоғары бес өңірге тиесілі. «Қызықты статистика» айдарының жаңа шығарылымында оқыту ауқымы бойынша үздік бестікке енген өңірлерді таныстырамыз.
Еске салайық, сабақтар сәрсенбі және жұма күндері Шымкент қалалық ХҚКО-ларында өткізіледі. Оқу тегін, оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады.





