• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 1 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

№210 мектепте жаңа оқу жылы Алғашқы қоңырау үнімен басталды

01.09.2026
in Без рубрики
№210 мектепте жаңа оқу жылы Алғашқы қоңырау үнімен басталды

Алматы қаласындағы №210 мектеп-лицейінде «Білімім – болашағым!» тақырыбында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Биыл мектеп табалдырығын алғаш рет 220 бүлдіршін аттап, сегіз 1 сынып жасақталды.

Оқи отырыңыз...

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

01.09.2026
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ҰЛАНДЫҚТАР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ҰЛАНДЫҚТАР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ.

01.09.2026
ШЫМКЕНТТЕ 405 МЫҢ ОҚУШЫ ҮШІН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ

В ШЫМКЕНТЕ НАЧАЛСЯ НОВЫЙ УЧЕБНЫЙ ГОД

01.09.2026

Алғашқы қоңырау – әрбір оқушының өміріндегі ерекше кезең. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн жаңа ортаға қадам басып, білім әлеміне жол ашатын маңызды сәт.

№210 мектеп-лицейдегі Білім күніне арналған салтанатты жиынның басты ерекшеліктерінің бірі – мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысуы болды. Салтанатты рәсім әскери дәстүр мен мектеп өмірін сабақтастыра отырып ұйымдастырылды.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде шығарылып, оны Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған Ту ұстаушылар алып шықты. Ал Мемлекеттік Гимнді орындау кезінде 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі салтанатты әуенмен сүйемелдеді.

Мектеп-лицей директоры Гүлнара Ахметова жаңа оқу жылының басталуына орай жүрекжарды тілегін білдіріп, алғашқы қадам жасаған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.

«Білім күні – мектеп өміріндегі ең маңызды әрі ерекше мерекелердің бірі. Әсіресе биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 220 бүлдіршін үшін бұл күннің орны бөлек. Олар бүгін жаңа ортаға қадам басып, білім мен тәрбие әлеміне жол ашып отыр. Ал 11-сынып оқушылары үшін бұл – мектеп қабырғасындағы соңғы оқу жылы. Сондықтан барша оқушыға жаңа оқу жылында табыс, ізденіс пен биік жетістіктер тілеймін. Ұстаздарымыздың еңбегі жемісті болып, ата-аналардың үміті ақталсын. Балаларымыздың білімді, отансүйгіш, ел болашағына қызмет ететін азамат болып қалыптасуына бірге үлес қосайық», – деді №210 мектеп-лицейінің директоры Гүлнара Ахметова.

Мектеп-лицей ауласында өткен шараға бірінші және он бірінші сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар мен қонақтар қатысты. Салтанатты жиында бірінші сынып оқушылары өлең оқып, ән орындап, «Айнұр» би ансамблі қазақтың ұлттық «Шашу» биін ұсынды.

Биыл мектептің сегіз бірінші сыныбына 220 оқушы қабылданды. Кішкентай бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау үні мектептегі жаңа өмірдің басталуын білдірді.

Мерекенің ең әсерлі сәті – алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Бұл құрмет бірінші сынып оқушысы мен мектеп бітіруші 11-сынып оқушысына берілді. Қоңыраудың сыңғырлаған үні бір мезетте балалық шақтан білім әлеміне жасалған алғашқы қадам мен мектеп бітіретіндердің үлкен өмірге бағыт алғанын бейнеледі.

Өткен оқу жылында №210 мектеп-лицейді  99 түлек аяқтады. Олардың 85-і жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Түлектер арасында арасында 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 4 оқушы үздік аттестатпен тәмамдаған. Бұл – мектеп-лицей ұжымы мен ұстаздардың білім сапасына бағытталған жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Білім күніне арналған салтанатты жиын соңында мектеп-лицей оқушыларына жаңа оқу жылында сәттілік, жаңа білім мен биік жетістіктер тіленді.

Алғашқы қоңырау үні – жаңа оқу жылының басталғанын білдіретін ғана белгі емес, ол жас ұрпақтың білімге, арманға және жарқын болашаққа жасаған алғашқы қадамының символы.

Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білім жолындағы әр қадам сәттілікке бастасын!

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы

“Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

№210 мектепте жаңа оқу жылы Алғашқы қоңырау үнімен басталды

№210 мектепте жаңа оқу жылы Алғашқы қоңырау үнімен басталды

01.09.2026
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 91 СТУДЕНТІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 91 СТУДЕНТІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

01.09.2026
Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

01.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған