• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 17 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Құрметті әріптестер!

17.08.2026
in Басты ақпарат
Құрметті әріптестер!

Сайлауалды науқан кезінде журналистердің, белсенділер мен блогерлердің қызметіне қатысты түрлі сауалдар туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар мәселеге арнайы тоқталып, түсінік беруді жөн көрдім.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті

Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті

17.08.2026
 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі

 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі

17.08.2026
Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні аясында «Ән аға-Жан аға» концерті өтеді

Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні аясында «Ән аға-Жан аға» концерті өтеді

17.08.2026

Ең алдымен, журналистер мен блогерлердің заң шеңберінде өз қызметін еркін жүзеге асыруға, соның ішінде фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқығы бар екенін атап өткім келеді.

Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңына сәйкес журналистер кәсіби қызметі барысында фотоға, аудиоға және бейнеге түсіруге, сондай-ақ ақпарат таратуға құқылы.

Бұл ретте журналистер де, блогерлер де адамның келісімінсіз мынадай үш жағдайда түсірілім жүргізе алады:

— егер адам ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға, спорттық-бұқаралық іс-шараларға, бейбіт жиналыстарға немесе өзге де көпшілік іс-шараларға қатысса не сол жерде болса;

— егер таратылатын ақпараттағы адамның бейнесі оның қызметтік және (немесе) қоғамдық қызметіне қатысты болса, сондай-ақ ол өз бейнесін ашық қолжетімді дереккөзде өзі жариялаған жағдайда;

— егер адамның бейнесін пайдалану қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында қажет болса.

Сонымен қатар бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының, белсенділер мен блогерлердің әлеуметтік желідегі парақшалары жаппай бұғатталып жатқаны туралы ақпаратқа да жеке тоқталғым келеді.

Журналистер мен блогерлердің кәсіби қызметіне немесе сөз бостандығына негізсіз шектеу қойылды деген пікір туғызатын кез келген әрекет тек жекелеген журналистер мен блогерлерге ғана емес, мемлекеттік органдардың беделіне де нұқсан келтіреді.

Бұл мәселе сайлау науқаны кезінде айрықша маңызды. Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желі қолданушыларының, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің аккаунттарын бұғаттамайды. Мемлекет те мұндай әрекеттерге немесе сөз бен пікір еркіндігін шектеуге мүдделі емес.

Керісінше, мұндай әрекеттер мемлекет пен оның институттарының беделіне нұқсан келтіріп, оларды қоғам алдында теріс көрсетуге пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ бұл Министрліктің сөз бостандығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына кедергі келтіреді.

Өкінішке қарай, соңғы уақытта осы тұрғыда алаңдататын жайттар байқалып отыр. Сондықтан масс-медиа саласындағы уәкілетті орган ретінде біз, ең алдымен, сөз бостандығына кепілдік беретін заңды құқықтардың жүзеге асуына қолдау көрсетеміз.

Бұл мәселелер Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан бүгінгі уақытта ерекше мәнге ие. Жаңа Конституция қабылданды, негізгі мемлекеттік институттарды жаңарту үдерісі басталды, алда Құрылтайды қалыптастыру міндеті тұр. Елімізде жаңа саяси және қоғамдық мәдениеттің негізі қаланып жатыр.

Оның өзегінде мемлекет кепілдік берген құқықтар мен бостандықтармен қатар, әр азаматтың өз әрекетіне жауапкершілігі де тұруға тиіс. Бұл – Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарының бірі. Заң алдында лауазымына, мәртебесіне, кәсібіне, қоғамдағы танымалдығына немесе әлеуметтік желідегі жазылушыларының санына қарамастан бәрі тең.

Осы ұстаным «Заң мен тәртіп» қағидатының мазмұнын айқындайды. Мемлекет сөз бостандығын, журналистер мен блогерлердің заңды қызметін қамтамасыз етуге және қорғауға міндетті. Ал сөз бостандығы таратылатын ақпарат үшін жауапкершілікті де талап етеді. Бір адамның құқығы екінші адамның құқығын бұзу есебінен жүзеге аспауға тиіс. Қоғамдағы мәртебе де ешкімге заң талаптарын елемеуге артықшылық бермейді.

Бүгінде «Адал азамат» құндылықтарының маңызы артып келеді. Бұл өз құқығын ғана емес, қоғам мен мемлекет алдындағы міндетін де түсінетін, заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары әрі жасампаз азаматтың бейнесі. Жаңа саяси кезең бізден осындай азаматтық жауапкершілік пен кемелдікті талап етеді.

Сонымен бірге журналистер мен блогерлер үшін аса маңызды тағы бір қағидатты ұмытпауымыз керек. Ол – таратылатын ақпараттың анықтығын міндетті түрде тексеру.

Осыған байланысты әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалардың әкімшіліктерін заңға қайшы контентті дер кезінде анықтап, жою жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырамын. Алайда заңға қайшы материал мен заңды түрде айтылған пікірдің, кәсіби журналистік қызмет пен қоғамдық пікірталастың ара-жігін нақты ажырату аса маңызды. Заңсыз контентпен күрес сөз бостандығын негізсіз шектеуге әкелмеуге тиіс.

Сөз бостандығы мен жауапкершілік бір-біріне қайшы ұғымдар емес. Керісінше, олардың үйлесімі азаматтардың құқықтары сенімді қорғалатын, заң бәріне бірдей қолданылатын, ал қоғамдық диалог нақты дерекке, өзара құрмет пен жауапкершілікке негізделетін кемел қоғам қалыптастырады.

Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерді тарататын ақпаратына жауапкершілікпен қарауға, дереккөздерді мұқият тексеруге және масс-медиа, онлайн-платформалар мен сайлау туралы заңнама талаптарын сақтауға шақырамын.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

17.08.2026
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

17.08.2026
Тілді өркендету – баршаның ісі

Тілді өркендету – баршаның ісі

17.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған