• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 16 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

16.08.2026
in Қоғам, Руханият
ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласындағы Жапон саябағында жастар арасында жат діни ағымдардың алдын алуға, діни сауаттылықты арттыруға және қоғамда діни тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің мамандары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар мен жастарға жат діни ағымдардың ерекшеліктері, олардың қоғамға және жеке тұлғаның өміріне тигізуі мүмкін кері әсерлері туралы жан-жақты түсінік берілді. Мамандар діни мәселелерге қатысты ақпаратты тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алудың маңыздылығына тоқталып, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі күмәнді діни мазмұндағы ақпараттарға сын тұрғысынан қарауға шақырды.
Түсіндіру жұмыстары барысында деструктивті діни идеологиялардың адам санасына әсер ету тәсілдері, олардың ықпалына түсу қаупін арттыратын факторлар және мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары сөз болды. Әсіресе жастардың түрлі діни сипаттағы ақпараттарды қабылдау кезінде сақтық танытуы, кез келген мәліметті саралап, оның шынайылығына көз жеткізуі қажеттігі түсіндірілді.
Мамандар діни сауаттылықтың жат ағымдардың ықпалына қарсы тұрудағы маңызды құралдардың бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты қатысушыларға дәстүрлі діни құндылықтар мен зайырлы қоғам қағидаттарын құрметтеу, өзге көзқарастағы адамдарға түсіністікпен қарау және қоғамдық келісімді сақтау жөнінде кеңестер берілді.
Сонымен қатар тұрғындарға діни сауаттылықты арттыруға, қауіптің алдын алуға және пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық жадынамалар таратылды. Жадынамаларда жат діни ағымдардың ықпалынан сақтану, күмәнді діни ақпаратты ажырату және қажетті жағдайда тиісті мамандардан кеңес алу жолдары қамтылды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жастардың діни мәселелер бойынша дұрыс әрі сенімді ақпарат алуына мүмкіндік берді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоғам мүшелерінің діни сауаттылығын арттыру, жастардың жат діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу және қоғамдық тұрақтылықты сақтау. Түсіндіру жұмыстары арқылы азаматтарға діни мәселелерге жауапкершілікпен қарау, ақпаратты саралау және радикалды сипаттағы идеялардан сақтану қажеттігі жеткізілді.

Оқи отырыңыз...

ДАУЫС БЕРУГЕ ЕКІ АПТА ҚАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР

ДАУЫС БЕРУГЕ ЕКІ АПТА ҚАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР

13.08.2026
ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ – ОРТАҚ ІС

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ – ОРТАҚ ІС

12.08.2026
АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

12.08.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

16.08.2026
Түркістан облысында сайлау қарсаңында уақытша тіркеу учаскелері анықталды: Азаматтардың конституциялық құқығы қалай қамтамасыз етіледі?

Түркістан облысында сайлау қарсаңында уақытша тіркеу учаскелері анықталды: Азаматтардың конституциялық құқығы қалай қамтамасыз етіледі?

16.08.2026
Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

16.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған