Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Себебі мұндай құқық бұзушылықтар азаматтардың қауіпсіздігіне ғана емес, қоғамның моральдық-психологиялық ахуалына да әсер етеді.
Осыған байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Негізгі мақсат – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.
Менің ойымша, қоғамда өзара құрмет пен адамгершілік құндылықтар нығайған сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері де азая түседі. Сондықтан әрбір азамат қауіпсіз қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосуы қажет.
#ҚорқынышсызҮй #ЗорлықЗомбылықсызҚоғам #ҚауіпсізОтбасы


