• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 24 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСТАУЫ

24.07.2026
in Қоғам
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСТАУЫ

Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы «Барбанг» күрді этномәдени бірлестігінің мүшелері мен қалалық белсенді жастардың қатысуымен «Жаңа Конституция – ел болашағының бастауы» тақырыбында пікір алмасу алаңы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Конституцияның қоғам өміріндегі айрықша маңызын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң үстемдігі қағидаттарын дәріптеу және жастардың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайту.
Кездесуге этномәдени бірлестік мүшелері мен белсенді жастар қатысып, Ата Заңның қоғамдағы орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Қатысушылар Конституцияның мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың құқықтық негізін қалыптастыратынын атап өтті.
Кездесуді қалалық «Барбанг» күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы Исмат Камалович Сулейманов модератор ретінде жүргізді. Ол өз сөзінде Конституцияның мемлекеттің орнықты дамуы мен қоғамдық келісімнің берік тұғыры екенін атап өтіп, Ата Заңның әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ғана емес, елдің бірлігі мен тұрақты дамуының басты негізі екеніне тоқталды.
– Конституцияны құрметтеу – заң талаптарын орындаумен ғана шектелмейді. Ол елдің болашағына жауапкершілікпен қарау, өз құқықтарыңмен қатар міндеттеріңді де түсіну және қоғамдағы өзара сыйластықты сақтау деген сөз. Әсіресе жастардың құқықтық сауатты, белсенді әрі жауапты азамат болып қалыптасуы ел дамуы үшін маңызды, – деген пікір айтылды.
Баяндамашылар Айлин Камрановна Мусаилова мен Тахир Камалович Сулейманов Конституцияда айқындалған негізгі қағидаттар, азаматтық жауапкершілік, заңға құрмет және құқықтық сананы қалыптастыру мәселелері төңірегінде мазмұнды баяндама жасады. Олар азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар жастардың қоғамдық белсенділігі мен елдің өркендеуіне қосар үлесінің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Жастардың білім алуға, еңбек етуге, қоғамдық бастамаларға қатысуға және елдің әлеуметтік дамуына үлес қосуға мүмкіндігі мол екені айтылды. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану азаматтық жауапкершілікпен тікелей байланысты екені сөз болды.
Пікір алмасу барысында қатысушылар Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі, заң талаптарын сақтау мәдениеті және ортақ құндылықтарды дәріптеу мәселелері жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, мазмұнды әрі тағылымды диалог өрбітті. Әсіресе қоғамдық келісім, этносаралық татулық және ел бірлігін сақтау мәселелеріне мән берілді.
Қатысушылар Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерін ортақ құндылықтар мен азаматтық жауапкершілік біріктіретінін атап өтті. Этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді нығайтуға, жастарды елжандылыққа тәрбиелеуге және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға қосып отырған үлесі де сөз болды.
Кездесу қорытындысында Конституция қағидаттарын құрметтеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Пікір алмасу алаңы қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, ел болашағына ортақ жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етті.

Оқи отырыңыз...

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

23.09.2026
БІРЛІКТІ ҰРПАҚ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ

БІРЛІКТІ ҰРПАҚ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ

23.09.2026
Мировой лидер контейнерных перевозок, MSC Group, начинает работу в Казахстане

Мировой лидер контейнерных перевозок, MSC Group, начинает работу в Казахстане

23.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ ЕНГІЗІЛЕДІ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ ЕНГІЗІЛЕДІ

23.09.2026
Әскери қызметшілерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеу туралы даулар

Әскери қызметшілерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеу туралы даулар

23.09.2026
КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

23.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған