• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 24 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР АТА ЗАҢНЫҢ МАҢЫЗЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

16.07.2026
in Қоғам
ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР АТА ЗАҢНЫҢ МАҢЫЗЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Ата Заң: халық таңдауы, ел болашағы» тақырыбында Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының кезекті отырысы өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, конституциялық реформалардың жүзеге асырылу барысын талқылау және құқықтық мәдениетті нығайту бағытындағы ақпараттық жұмыстың өзекті мәселелерін саралау.
Жиынды Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Әбдез Иманқұлов ашып, жүргізді. Отырысқа клуб мүшелері, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Махаббат Мамауджанова қатысты.
Кездесу барысында Конституцияның қоғам мен мемлекет өміріндегі орнына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызына ерекше назар аударылды. Қатысушылар конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар және қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді диалогты дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Жиында сөз алған клуб төрағасы Әбдез Рахманұлы журналистер мен блогерлердің қоғамдық ақпарат кеңістігіндегі жауапкершілігіне тоқталды.
– Журналистер мен блогерлер – қоғам мен мемлекет арасындағы ақпараттық байланысты нығайтатын маңызды күш. Сондықтан жаңа Конституцияның мәні мен маңызын халыққа жан-жақты түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы оң өзгерістерді шынайы әрі сапалы ақпарат арқылы жеткізу – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі кездесу осы бағыттағы өзара тәжірибе алмасуға және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді деп сенемін, – деді Әбдез Рахманұлы.
Қатысушылар қазіргі ақпараттық кеңістікте Конституция мен заңнамалық өзгерістер туралы ақпаратты халыққа түсінікті әрі нақты жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе әлеуметтік желілердің қоғамдық пікір қалыптастырудағы ықпалы артып отырған жағдайда журналистер мен блогерлердің ақпаратты тексеріп, дереккөзге сүйене отырып таратуы маңызды екені айтылды.
Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесі талқыланды. Азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын құрметтеуі және мемлекеттік реформалардың мәнін дұрыс түсінуі қоғамдағы жауапкершілік пен өзара сенімді нығайтуға ықпал ететіні сөз болды.
Жиында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру, конституциялық өзгерістерді қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіру, қоғамдық маңызы бар тақырыптарды жан-жақты қамту бойынша ұсыныстар айтылды. Клуб мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы ақпараттық жұмыстардың бағыттарын талқылады.
Жиын соңында қатысушылар конституциялық реформалардың мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдағы оң өзгерістерді сапалы ақпарат арқылы насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Оқи отырыңыз...

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

23.09.2026
БІРЛІКТІ ҰРПАҚ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ

БІРЛІКТІ ҰРПАҚ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ

23.09.2026
Мировой лидер контейнерных перевозок, MSC Group, начинает работу в Казахстане

Мировой лидер контейнерных перевозок, MSC Group, начинает работу в Казахстане

23.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ ЕНГІЗІЛЕДІ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ ЕНГІЗІЛЕДІ

23.09.2026
Әскери қызметшілерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеу туралы даулар

Әскери қызметшілерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеу туралы даулар

23.09.2026
КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

23.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған