Шымкент қаласының Достық үйінде «Ата Заң – ортақ құндылық» тақырыбында қалалық түрік этномәдени бірлестігінің белсенділерінің қатысуымен талқылау жиыны өтті. Басқосудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы орны мен маңызын түсіндіру, заң үстемдігін дәріптеу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдық келісім мен этносаралық татулық құндылықтарын нығайту.
Іс-шараға қалалық Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Махаббат Мамауджанова және этномәдени бірлестіктің мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы орны, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтудағы мәні кеңінен талқыланды. Қатысушылар Ата Заңда бекітілген қағидаттарды құрметтеу қоғамның тұрақты дамуының маңызды шарты екенін атап өтті.
Өз сөзінде Латипша Асанов Конституцияның еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің, қоғамдық келісімнің және әрбір азаматтың құқықтық қорғалуының басты кепілі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңның құндылықтарын түсіну мен құрметтеу азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырады.
– Ата Заң – барша қазақстандықтарды ортақ мақсатқа біріктіретін, мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімінің негізін қалайтын басты құжат. Конституцияда бекітілген қағидаттарды құрметтеу – әр азаматтың жауапкершілігі. Біз бірлігімізді сақтап, заңға құрметпен қараған кезде ғана елдің өркендеуіне өз үлесімізді қоса аламыз. Конституцияда бекітілген заң алдындағы теңдік, әділдік және адам құқықтарын қорғау принциптерінен бастау алады, – деді Махаббат Мамуджановна.
Талқылау барысында конституциялық қағидаттардың күнделікті өмірдегі маңызына да назар аударылды. Құқықтары мен міндеттерін жақсы білетін, заң талаптарын сақтайтын азаматтардың қоғамдағы жауапкершілігі жоғары болатыны айтылды. Осы ретте құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындарға заң нормаларын түсіндіру жұмыстарының маңызы атап өтілді.
Жиында Конституциялық реформалардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, азаматтық жауапкершілікті арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қазақстандағы этносаралық татулық пен өзара құрмет ел тұрақтылығының маңызды негіздерінің бірі екені айтылды.
Іс-шара еркін форматта өтіп, қатысушылар өзара ой бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу соңында Ата Заңды құрметтеу, заң үстемдігін сақтау және қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.





