• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 28 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15.06.2026
in Қоғам
«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының бастамасымен «Біз біргеміз» достық лагері ұйымдастырылды. Екі күнге созылған іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері қатысты.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Красные скалы» демалыс аймағында өткен лагерьдің негізгі мақсаты – жастар арасында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеу, патриоттық сананы нығайту және Мемлекет басшысы айқындаған нашақорлық, ойынқұмарлық, зорлық-зомбылық, ысырапшылдық секілді қоғам дертіне айналған келеңсіз құбылыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды қолдау.
Лагерьдің салтанатты ашылу рәсіміне «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев пен Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Заңғар Үсіпахметов қатысып, жастарға сәттілік тілеп, ұйымның мақсат-міндеттері мен жастардың қоғамдағы рөлі туралы ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушылар үшін тұлғалық даму мен көшбасшылық қабілеттерді жетілдіруге бағытталған арнайы оқыту алаңдары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Life Coaching, Career Coaching, Relationship Coaching, Team Coaching және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы құқықтық сауаттылық тақырыптарында тәжірибелі мамандар дәрістер өткізіп, жастармен ашық пікір алмасты.
Оқу-ағарту бағытын негізге алған лагерь бағдарламасы жастарды жалпыұлттық бірлік идеясы төңірегіне топтастыруға бағытталды. Осы мақсатта спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, командалық тапсырмалар мен түрлі танымдық жұмыстар ұйымдастырылып, қатысушылардың өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік жасалды.
Сонымен қатар, лагерь аясында табиғат аясында алау жағылып, қатысушылар өлең оқып, ән шырқап, еркін форматта ой бөлісті. Кеш ашық аспан астындағы кинокөрсетіліммен жалғасып, жастардың бір-бірімен жақынырақ танысуына және достық байланыстарын нығайтуына ықпал етті.
Айта кетейік, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің басты мақсаты – Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды біріктіру, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және жастар бастамаларын қолдау. Сондай-ақ ұйым жастар арасында қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік тілді насихаттауға, этносаралық және мәдениетаралық диалогты дамытуға, патриоттық құндылықтарды дәріптеуге, волонтерлік пен қайырымдылық қызметті қолдауға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Оқи отырыңыз...

ПОРА ВЫХОДИТЬ ИЗ РЕЖИМА МҰҢ (ПЕЧАЛИ)

ПОРА ВЫХОДИТЬ ИЗ РЕЖИМА МҰҢ (ПЕЧАЛИ)

28.08.2026
КОМПЛАЕНСТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: ТӘУЕКЕЛДІ АНЫҚТАУДАН ОНЫ ЖОЮҒА ДЕЙІН

КОМПЛАЕНСТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: ТӘУЕКЕЛДІ АНЫҚТАУДАН ОНЫ ЖОЮҒА ДЕЙІН

27.08.2026
Шымкентте 40 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылды

В Шымкенте 40 семей обеспечены арендным жильём

27.08.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСТАР АРАСЫНДА «QAZAQSTAN KUBOGY» ХОККЕЙ ДОДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСТАР АРАСЫНДА «QAZAQSTAN KUBOGY» ХОККЕЙ ДОДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

28.08.2026
САУРАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

САУРАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

28.08.2026
ПОРА ВЫХОДИТЬ ИЗ РЕЖИМА МҰҢ (ПЕЧАЛИ)

ПОРА ВЫХОДИТЬ ИЗ РЕЖИМА МҰҢ (ПЕЧАЛИ)

28.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған