Алматы халықаралық әуежайында Гонконгта (ҚХР) өткен Әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткен қылышпен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын қарсы алу салтанаты өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ “Arlan” спорт клубының қолдауымен, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері — ефрейторлар Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов-Қазақстан ерлер құрамасының құрамында отандық спорт тарихына өз есімдерін жазды.
Алтын медальдарға жету жолында отандастарымыз ең мықты қарсыластарын айқын басымдықпен жеңе білді. Дәлірек айтсақ, жерлестеріміз 1/16 финалда Финляндияны — 45:39 есебімен жеңді. Кейін шиеленісті жекпе-жекте 28:27 есебімен Өзбекстаннан басым түсті. Ширек финалда Дания құрамасын 45:36, жартылай финалда Египет командасын 41:32, ал финалда Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңді.
Лайықты өнер көрсеткен спортшылар Отанға оралғанда, оларды әуежайда «Оңтүстік «өңірлік қолбасшылығының өкілдері, жаттықтырушылар, сондай-ақ туыстары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды.
Гонконгтағы жеңіс шын мәнінде тарихи жеңіс болды, себебі Қазақстан ерлер құрамасы алғаш рет семсерлесуден Әлем чемпионаты тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді.
Айта кету керек, ұландықтардың халықаралық жарыстардағы жетістіктері — елдің спорттық имиджін нығайтуға ықпал етеді және жас ұрпақ үшін жарқын үлгі болып табылады.



