• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 3 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТЕТІН ҮШ ІРІ ЖОЛ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

03.08.2026
in Без рубрики
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТЕТІН ҮШ ІРІ ЖОЛ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастады. Президент бұл жобалардың елдің көлік-логистика жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз...

МЕРИТОКРАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ӘДІЛДІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

МЕРИТОКРАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ӘДІЛДІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

03.08.2026
Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі

03.08.2026
САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН: QARMET-ТЕН БИЗНЕС-ФОРУМҒА ДЕЙІН – ПАРТИЯЛАР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН: QARMET-ТЕН БИЗНЕС-ФОРУМҒА ДЕЙІН – ПАРТИЯЛАР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

31.07.2026

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның географиялық орналасуы елге Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі көлік дәліздерінің бірі болуға мүмкіндік береді. Сондықтан заманауи әрі тиімді көлік инфрақұрылымын қалыптастыру – стратегиялық міндет.

Соңғы жылдары бұл бағытта бірқатар ірі жоба жүзеге асырылды. Былтыр «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылып, жүк тасымалдау көлемі бес есеге артты. Алматыны айналып өтетін теміржол желісінің іске қосылуы да жүк жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді.
Автомобиль жолдары саласында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Соңғы бес жылда автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі екі есеге өскен. Былтыр бұл қызмет түрінен түскен табыс 1,5 триллион теңгеге жетті. Қазақстан аумағы арқылы сегіз халықаралық көлік дәлізі өтеді, олармен күн сайын шамамен 35 мың автокөлік қатынайды.

Өткен жылы ел бойынша 13 мың шақырым автожолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның 6 мың шақырымы пайдалануға берілді. Алдағы жылы автокөлік өткізу бекеттерін толық жаңғырту жоспарланып отыр.

Осы жүйелі жұмыстың жалғасы ретінде «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты бойынша ұзындығы шамамен 800 шақырым болатын жаңа автожолдың құрылысы басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаның халықаралық маңызы бар екенін атап өтіп, оны «Арал-Каспий магистралі» деп атауды ұсынды.
Жаңа жол Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейінгі жүк тасымалының бағыты шамамен 1 мың шақырымға қысқарып, жеткізу мерзімі үш тәулікке дейін азаяды деп күтілуде.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы 774 шақырым болатын «Қызылорда – Сексеуіл» және «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолдарын кеңейту және түбегейлі жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаларды отандық компаниялар жүзеге асырады. Құрылысқа 10 мыңнан астам жұмысшы тартылмақ.
Жолдар толық пайдалануға берілгеннен кейін осы бағыттағы жүк тасымалы 2,5 есеге артып, жылына 13,2 миллион тоннаға дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде өңірлер арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, сауда, логистика және туризм салаларының дамуына жаңа мүмкіндік береді.

Президент қазіргі таңда Қазақстанның көлік желісі негізінен солтүстіктен оңтүстікке бағытталған дәстүрлі бағыттармен шектелмей, шығыстан батысқа қарай да кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа магистральдар елдің транзиттік әлеуетін арттырып қана қоймай, бұрын тұйық бағыт саналған аумақтарды Еуразияның ірі көлік дәліздерімен байланыстырады.

Мемлекет басшысы жол құрылысы инфрақұрылымдық жобалармен ғана шектелмеуі керек екенін айтып, көлік саласында заманауи цифрлық экожүйе қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ отандық автоөндірісті тарта отырып, қазақстандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған ұлттық бағдарламаның қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жолдардың құрылысын белгіленген мерзімде аяқтаудың маңызын да ерекше атап өтті. Үш жоба бойынша негізгі жұмыстарды 2029 жылдан кешіктірмей аяқтау көзделіп отыр.

«Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» бағыттарының іске қосылуы Қазақстанның ішкі көлік байланысын күшейтіп қана қоймай, елдің халықаралық транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды қадам болмақ. Бұл жобалар Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы жетекші логистикалық желілердің біріне айналдыру мақсатына қызмет етеді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТЕТІН ҮШ ІРІ ЖОЛ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТЕТІН ҮШ ІРІ ЖОЛ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

03.08.2026
МЕРИТОКРАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ӘДІЛДІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

МЕРИТОКРАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ӘДІЛДІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

03.08.2026
Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі

03.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған