• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 30 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

САЯСИ ПАРТИЯЛАР – ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

30.07.2026
in Қоғам, Саясат
САЯСИ ПАРТИЯЛАР – ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

Бүгінде қоғамдық мүдде тұрғысынан алғанда, қоғам мен саяси партиялардың құндылықтары қаншалықты өзара үйлесетіні маңызды мәселе болып отыр.

Оқи отырыңыз...

Құрылтай сайлауы жаңа Конституцияны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі болады

Құрылтай сайлауы жаңа Конституцияны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі болады

29.07.2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ

28.07.2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

28.07.2026

Мемлекетіміздің алға қойған стратегиялық мақсаттары, ортақ құндылықтары мен даму бағыты қазіргі саяси партиялардың ұстанымдарымен қаншалықты сәйкес деген мәселе де көпті толғандырады.

Елімізде көппартиялық жүйені дамытуға қажетті алғышарттар қалыптасуда.

2023 жылы мемлекетімізде Парламентке алты саяси партия кірсе, 2026 жылғы тамыздағы сайлауға жеті саяси партия қатыспақ.

Парламент қызметінің тиімділігі ең алдымен оның қоғаммен тұрақты әрі мазмұнды диалог орната алуымен айқындалады. Халықтың сайлаған өкілдері ретінде депутаттар азаматтардың талап-тілегін, ұсыныстары мен өзекті мәселелерін заң шығару қызметінде ескеріп, қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет.

Қоғамдық диалогтың сапасын арттыру мақсатында Ұлттық құрылтайдың қызметін одан әрі жетілдіру маңызды. Бұл алаң мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтардың пікірін стратегиялық шешімдер қабылдау үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.

Саяси күштер мен саяси жүйенің ең басты мақсаты жаңа парадигмалық ортада қоғамды біріктіру болса, саяси партиялардың мақсаты билікке ұмтылу екені анық.

Жалпы алғанда, жүргізіліп жатқан саяси реформалар қоғам тарапынан жоғары қолдауға ие болып отыр. Бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімінің артып, саяси жаңғыру үдерістеріне белсенді қатысуға дайын екендігін көрсетеді.

Мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуі қазіргі кезеңде әртүрлі көзқарастар мен мүдделердің сындарлы диалогыарқылы тоғысуына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтай қоғамдық келісімді нығайтып, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстаным қалыптастыруға ықпал ететін маңызды институт қызметін атқарады.

Құрылтай – әртүрлі қоғамдық топтардың мүдделері түйісіп, өзара келісімге келуге мүмкіндік беретін ашық пікірталас алаңы. Мұнда қоғамдық сұраныстар сараланып, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша ұсыныстар қерделеніп, заңдар әзірленеді.

Сонымен қатар, Құрылтай саяси бәсекелестік мәдениетін, саяси плюрализмді және пікір алуандығын дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі көзқарастардың еркін айтылып, сындарлы түрде талқылануы демократиялық институттардың нығаюына, саяси шешімдердің сапасының артуына және қоғамдық сенімнің күшеюіне негіз қалайды.

Саяси партиялар қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделерін білдіретін институттар ретінде өздерінің қалыптасқан электоралдық базасына сүйенеді. Сондықтан Құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі – түрлі саяси күштер мен қоғамдық топтардың ұстанымдарын жақындастырып, ортақ ұлттық мүдде төңірегінде олардың күш-жігерін үйлестіруге ықпал ету.

Саяси партиялардың пропорционалды жүйеге өтуі олардың арасындағы бәсекелестікті күшейте түседі. Енді партиялар бәсекеге өздерінің баағдарламалары мен тізімдері арқылы өтеді.

Саяси партиялардың бағдарламаларында бәсекелестік болып, әр партия сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға жауапты болады.

Партиялардың идеологиясы мен сайлауалды бағдарламалары өзара бәсекеге түскен жағдайда, сайлаушылар олардың ішінен ең тиімді әрі сенімдісін таңдап, яғни өз саяси таңдауын жасап соған дауыс береді.

Сондай-ақ, қазіргі жағдайда саяси партиялардың қоғамдық күн тәртібін қалыптастыруға және сайлауға дайындалуға жеткілікті мүмкіндігі болғанын ескерген жөн.

Халық өз кезегінде сайлау барысында жекелеген азаматтарды емес, саяси партиялардың бағдарламаларын таңдайды.

Құрылтай әртүрлі әлеуметтік топтардың пікірлері мен ұсыныстарын мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде заңдардың сапасы артып, қоғамның нақты қажеттіліктері ескеріледі. Бұл мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін де күшейтеді.

Азаматтардың сайлауға қатысуы демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі. Сайлау арқылы халық мемлекеттік биліктің қалыптасуына ықпал етіп, өз таңдауын жүзеге асырады. Бұл мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, азаматтардың саяси белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттырады.

Мен өз кезегінде барлық қазақстандықтарды саяси белсенді болуға шақырамын!

Сауле Жаксыбаевна Рысбаева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиал доценті, саяси ғылымдар кандидаты

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

САЯСИ ПАРТИЯЛАР – ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

САЯСИ ПАРТИЯЛАР – ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

30.07.2026
Түркістан жасыл энергетикаға халықаралық инвестор тартуда

Түркістан жасыл энергетикаға халықаралық инвестор тартуда

30.07.2026
Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары – 2026» және «Бір ауыл – бір өнім» көрме-байқаулары өтті

В шымкенте прошли конкурсы-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт»

29.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған