Құрметті аудан тұрғындары!
Алда өтетін Құрылтай сайлауы — еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл — мемлекетіміздің дамуына серпін беріп, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға, елдің келешегіне қатысты маңызды бастамаларды қолдауға бағытталған жауапты саяси науқан.
Елдің ертеңі әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан Құрылтай сайлауына қатысу — тек азаматтық міндет емес, болашақ ұрпақтың игілігі үшін қабылданатын маңызды шешімдерге өз үлесіңді қосудың нақты көрінісі. Әрбір берілген дауыс — мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен жарқын келешегіне қосылған үлес.
Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты — әділетті қоғам қалыптастырып, халық үніне құлақ асатын тиімді мемлекеттік басқару жүйесін дамыту. Бұл міндеттердің табысты жүзеге асуы қоғамдағы ынтымаққа, өзара сенімге және азаматтардың белсенді ұстанымына тікелей байланысты. Құрылтай сайлауы — ел дамуының өзекті бағыттарын айқындап, халықтың ұсыныстары мен пікірлерін ортақ мақсатқа біріктіретін маңызды қоғамдық алаң.
Бүгінгі бірлігіміз — ертеңгі берекеміздің кепілі. Ел тағдыры шешілетін маңызды кезеңде әр азамат өзінің азаматтық ұстанымын танытып, қоғамдық маңызы зор саяси науқанға жауапкершілікпен қатысуы қажет. Бірлігімізді нығайтып, туған Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолында ортақ мақсатқа жұмылайық.
Ұлжалғас Әбілдахан,
Сауран ауданының тұрғыны



