• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 21 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты жүйелі мәселелер қаралды

20.07.2026
in Басты ақпарат
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты жүйелі мәселелер қаралды

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында өңір кәсіпкерлерін алаңдатқан екі өзекті мәселе жан-жақты талқыланды. Кеңес отырысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы сыртқы жарнамаларға төлемдерді есептеу кезіндегі құқықтық қайшылықтар мен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы жер пайдалану тарифтерінің күрт өсуіне қатысты түйткілдер қаралды.

Оқи отырыңыз...

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған екі күндік жұмыс қорытындыланды 

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған екі күндік жұмыс қорытындыланды 

20.07.2026
ТҮРКІСТАНДА «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

18.07.2026
Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

17.07.2026

Жиынға мемлекеттік органдардың, прокуратураның, салалық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер және Кеңес мүшелері офлайн және онлайн форматта қатысты. Кеңес жұмысына төраға Орынбасар Кабиштаев жетекшілік етті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Сержан Сартбаев баяндама жасады.

Оның айтуынша, Палатаға «Красный квадрат» жарнама бюросының басшысынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында орналасқан сыртқы көрнекі жарнамалар үшін қосымша төлемдердің заңдылығына қатысты кәсіпкердің құқықтарын қорғау жөнінде өтініш келіп түскен.

Кәсіпкер Атакент, Мырзакент және Асықата кенттерінде сыртқы жарнама конструкцияларын орналастыру қызметімен айналысады. Алайда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген тексеруден кейін Салық кодексінің 655-бабындағы жоғары мөлшерлемелерді қолдану туралы нұсқама беріліп, жергілікті атқарушы органдар 2024 жылдан бастап төлемдерді қайта есептеген. Соның нәтижесінде кәсіпкерге өткен кезеңдер үшін қосымша қаржылық міндеттемелер жүктелген.

Сонымен қатар, қайта есептеулер республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының елді мекендер арқылы өтетініне негізделгенімен, жарнамалық конструкциялардың дәл сол жолдардың бөлінген белдеуі аумағында орналасқанын растайтын нақты құқық белгілейтін құжаттар ұсынылмаған.

Осының салдарынан кәсіпкердің банктік шоттарына шектеу қойылып, қызметін тоқтатпау үшін ол 2,5 миллион теңгеден астам қосымша төлем жасауға мәжбүр болған.

Кеңес мүшелері мәселені жан-жақты талқылап, прокуратура, мемлекеттік кірістер органдары, жергілікті атқарушы органдар және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өкілдерінің пікірлерін тыңдады. Нәтижесінде құқық қолдану тәжірибесін біріздендіру мақсатында мәселені қосымша құқықтық тұрғыдан зерделеу қажеттігі атап өтілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Салалық даму және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Гүлназ Есетова баяндама жасады.

Оның айтуынша, Палатаға Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туристік қызметпен айналысатын кәсіпкерлерден ұзақ мерзімді жер пайдалану шарттарына жаңа тарифтердің қолданылуына байланысты бірнеше өтініш келіп түскен.

Жүргізілген талдау нәтижесінде кәсіпкерлер мен ұлттық парк арасында 49 жыл мерзімге жасалған жер пайдалану шарттарының бар екені анықталды. Бұған дейін кәсіпкерлер шарт талаптарына сәйкес әр гектар үшін айына 5 мың теңгеден төлем жасап келген.

Алайда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы №232 бұйрығы күшіне енгеннен кейін төлем мөлшері әр гектарға 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленген. Нәтижесінде кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесі бірнеше есеге артқан.

Мәселен, Сайрам-Өгем ұлттық паркінде 232,2 гектар жер пайдаланатын «Kaskasu Resort» ЖШС бұрын ай сайын шамамен 1 миллион теңге төлесе, жаңа тәртіп бойынша бұл сома 8 миллион теңгеге дейін өсіп отыр.

Гүлназ Есетова жүргізілген салыстырмалы талдау нәтижесінде Сайрам-Өгем ұлттық паркіндегі тарифтердің еліміздегі өзге ұлттық парктермен салыстырғанда едәуір жоғары екенін атап өтті. Атап айтқанда, Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде тариф – 3 АЕК, Ұлытауда – 2,6 АЕК, Іле-Алатауында – 2,4 АЕК, Баянауылда – 2,3 АЕК, ал Көкшетау ұлттық паркінде небәрі 1 АЕК көлемінде белгіленген.

Кеңес мүшелері аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне №232 бұйрықтың қолданылуын қайта қарау, ұзақ мерзімді шарттардың құқықтық тұрақтылығын сақтау және өңірлер арасындағы тарифтік айырмашылықтарды қайта зерделеу жөнінде ұсыныстар жолдау туралы шешімді қолдады.

Кеңес қорытындысында қаралған екі мәселенің де жекелеген кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы өңірдегі бизнес қауымдастығының құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей әсер ететін жүйелі сипатқа ие екені атап өтілді. Осыған байланысты құқық қолдану тәжірибесін біріздендіруге және кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауға бағытталған ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатын болды.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Палата қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Бизнестің тұрақты дамуы үшін заң талаптарының барлық кәсіпкерге бірдей әрі түсінікті қолданылуы аса маңызды. Кәсіпкер заң талаптарын сақтай отырып жұмыс істеген жағдайда, кейін құқық қолдану тәжірибесінің өзгеруіне байланысты негізсіз қаржылық шығынға ұшырамауы тиіс. Сондай-ақ инвестиция салған кәсіпкерлердің ұзақ мерзімді келісімдерінің құқықтық тұрақтылығы қамтамасыз етілуі қажет. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді, – деді Палата директоры.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болды. Бұл ұсыныстар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуалды нығайтуға бағытталмақ.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«По стопам отца»: в Национальной гвардии продолжаются традиции военных династий

21.07.2026
«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

21.07.2026

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ

21.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған