• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 16 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Бүгін менің туған күнім еді…

16.07.2026
in Басты ақпарат
Бүгін менің туған күнім еді…

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА АГРОДРОН ӨНДІРІСІН ІСКЕ ҚОСУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕН ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕ ПАЛАТА БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАНДА АГРОДРОН ӨНДІРІСІН ІСКЕ ҚОСУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕН ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕ ПАЛАТА БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ

15.07.2026
Әйелдер кәсіпкерлігі мен білім сапасы: Шымкентте бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

Развитие женского предпринимательства и качество образования: в Шымкенте обсудили актуальные вопросы бизнеса

15.07.2026
Әйелдер кәсіпкерлігі мен білім сапасы: Шымкентте бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

Әйелдер кәсіпкерлігі мен білім сапасы: Шымкентте бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

15.07.2026

Иә, дәл бүгін менің жарығым, менің Әлтайырым он жеті жасқа толар еді…

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Бірақ арада қанша жыл өтсе де, 2018 жылдың көктемі жадымыздан бір сәтке өшкен емес. Сол жылы наурыз айында жылдағы дәстүр бойынша бала-шаға, немере-шөбере Шымкентке жиналып, апасының туған күнін атап өткен едік. Үй іші күлкіге толды, бәріміз арқа-жарқа болдық. Бірақ жүректің бір түкпірінде әлдене жетіспей тұрғандай еді. Себебі біздің ортамызда Әлекам, Әлтайырым жоқ болатын. Ол көктемгі демалыста өз атасына, Талдықорғанға кеткен еді.

Дегенмен, оның көңілі бізде болды. Жиі хабарласып, жазғы демалыста міндетті түрде келетінін айтып жүрді.

— Апау, менің туған күніме не сыйлайсыз? — деп сұрады бір күні.

— Не қаласаң, соны әперемін, құлыным, — дедім.

— Онда маған үлкен велосипед керек, ең үлкенін әпересіз бе? — деді қуана.

— Иә, жаным, ең үлкенін әперемін, — деп уәде бердім.

Біз оның туған күнін күттік…

Наурыз айында Алматыға барғанымда, бірнеше күн қастарында болдым. Әлтайырым бұрынғыдан есейіп қалғандай көрінді. Ұшқалақтап жүретін баламның бойына сабыр бітіп, ойлы тартыпты. Бірақ сол ойлы жанарының түбінде бір мұң жатқанын байқамаған екенмін.

Бір күні залда үнсіз отырғанын көріп:

— Әлека, не болды, көңілсізсің ғой? — деп сұрадым.

— Жәй ғана… Апа, мен әнші болғым келеді. Бірақ әкем өлең айтуға рұқсат бермейді. «Жігіттер ән айтпайды» дейді, — деп ішкі сырын ақтарды.

Сонда мен:

— Оған бола мұңайма, балам. Әкең айта береді. Егер ән айтқың келсе, тартынба. Даусың қандай әдемі! Кім біледі, бәлкім, ертең атақты әнші боларсың. Сонда мен сияқты журналистер келіп, сенен сұхбат алатын болады, — деп күлдіргім келді.

Оны суретке түсіріп, өзіне көрсеттім. Әлтайырым қуанып қалды. Бірақ сол суреттерге кейін қайта қараған сайын, оның көзіндегі мұңды байқаймын. Бала жүрегі қанша қуанғанымен, жанарындағы сағыныш пен белгісіз бір ауырлық жоғалмаған екен…

Мен оны ренішке жорыдым. Ішім алай-дүлей болса да, бәрін жақсылыққа баладым.

Алайда араға ай толмай, 9 сәуір күні, небәрі тоғыз жасында, жарығым бәрімізді қан жылатып, бұл дүниемен қоштасып кете барды…

Әнші болсам деген бала арманы орындалмай қалды. Апасынан сұраған дәу велосипеді де тебусіз қалды…

Мүмкін, жүрегі бір нәрсені сезген шығар. Мүмкін, бұл жалғанмен қалай қоштасарын білмей, іштей жанталасқан болар. Оны бір Алла ғана біледі…

Сол күні анасына:

— Мені де жұмысыңа ертіп кетші, сабаққа бармай-ақ қояйыншы, — деп өтінген екен.

Анасы:

— Сабақтан қалуға болмайды, балам, — дегенде, үнсіз ғана үйде қалыпты…

Иә, бұл — тағдыр. Бұл — Алланың жазуы. Біз өкінеміз, сағынамыз, бірақ қолдан келер шара жоқ.

Бүгін Әлтайырым он жеті жасқа толар еді. Бәлкім, жігіт болып, достарымен туған күнін тойлап жатқан болар ма еді? Бәлкім, апасынан велосипед емес, көлік сұрар ма еді?..

Жарығым, құлыным, асыл балам!

Қараңғы көрің жарық болсын, жатқан жерің жайлы болсын. Біз сені бір сәтке де ұмытпаймыз. Сенің жарқын жүзің, бала күлкің, мөлдір жанарың мәңгі жүрегімізде сақталады.

Кейде біреуден сенің көзіңді көремін, біреуден мінезіңді байқаймын. Сол сәтте жүрегім жылып, артынша сағынышқа толады. Сенің орның ешқашан толмайды…

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді халқымыз. Кей адамдар ұзақ ғұмыр сүрмесе де, аз ғана ғұмырында айналасына мейірім мен сағыныш сыйлап үлгереді. Әлтайырым да сондай періште көңілді бала болған екен-ау.

Алла ешкімді бала қайғысымен сынамасын.

Динарама Жаратқан сабыр берсін. Жаным, қызым, Алланың саған берер нығметі таусылмасын, ризығы мол болсын!

«Бір жаманның артынан үш қуаныш береді» дейді ғой. Қуанышың көп болсын, қызым!

Ана жүрегінің жалғыз тілегі — өмірге Әлтайырдай ұлдың қайта келуі…

Біз сені сағындық, құлыным. Сағынышымыз мәңгілік…

Мен сұқбаттасып түсірген соңғы сурет…

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бүгін менің туған күнім еді…

Бүгін менің туған күнім еді…

16.07.2026
ТҮРКІСТАНДА АГРОДРОН ӨНДІРІСІН ІСКЕ ҚОСУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕН ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕ ПАЛАТА БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАНДА АГРОДРОН ӨНДІРІСІН ІСКЕ ҚОСУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕН ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕ ПАЛАТА БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ

15.07.2026
Конституцияға енгізілген өзгерістер – ел дамуының жаңа кезеңі

Конституцияға енгізілген өзгерістер – ел дамуының жаңа кезеңі

15.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған