• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 23 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС ӨНЕРПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДӘРІПТЕДІ

15.06.2026
in Қоғам, Мәдениет
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС ӨНЕРПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДӘРІПТЕДІ

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде Келес ауданының мәдениеті, өнері, кәсіпкерлігі мен аграрлық әлеуеті кеңінен таныстырылды. Фестиваль аясында алдымен ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері, кәсіпкерлер өндіретін өнімдер, қолөнер шеберлерінің туындылары мен суретшілердің шығармалары қойылған арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрме арқылы келушілер Келес өңірінің өндірістік мүмкіндіктерімен, кәсіпкерлік бағыттағы жетістіктерімен және ұлттық құндылықтарымен танысуға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлер кеңінен насихатталып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы дәріптелді. Ұлттық ойындар мен мәдени қойылымдар көрермен назарына ұсынылып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Фестивальдің салтанатты ашылуында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев сөз сөйлеп, мұндай мәдени жобалардың өңірлер арасындағы рухани байланысты нығайтудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен мәдени әлеуетіне тоқталып, фестивальдің Келес өңірін кеңінен танытуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Кештің негізгі бөлімінде аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, би қойылымдары мен театрландырылған көріністер ұсынды. Көрермендер назарына «Келес сазы» фольклорлық ансамблі, «Самғау» вокалды-аспапты ансамблі, «Айжұлдыз» би тобы, «Балдәурен» хор ұжымы және өзге де шығармашылық ұжымдардың өнері ұсынылды. Сонымен қатар Келес ауданының тумасы, белгілі эстрада әншісі әрі сазгер Сержанәлі Әлібек сахна төрінде өнер көрсетті. Өнерпаздың шығармашылығы көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік кештің ажарын аша түсті. Сондай-ақ сахнада ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін театрландырылған қойылымдар мен музыкалық композициялар ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

22.07.2026
«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«По стопам отца»: в Национальной гвардии продолжаются традиции военных династий

21.07.2026
«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

21.07.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

22.07.2026
Түркістанда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріліп, BusinessGO цифрлық экожүйесі таныстырылды

Түркістанда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріліп, BusinessGO цифрлық экожүйесі таныстырылды

22.07.2026
В Палате предпринимателей Шымкента обсудили вопрос повышения ставок за размещение наружной рекламы

Шымкентте сыртқы жарнаманы орналастыру төлемақысының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру мәселесі талқыланды

21.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған