• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 24 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Спорт

ТҮРКІСТАН ҮЛКЕН СПОРТТЫҚ ДҮМПУ АЛДЫНДА: АЗИЯНЫҢ 15 ЕЛІНЕН 300-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ КЕЛДІ

03.06.2026
in Спорт
ТҮРКІСТАН ҮЛКЕН СПОРТТЫҚ ДҮМПУ АЛДЫНДА: АЗИЯНЫҢ 15 ЕЛІНЕН 300-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ КЕЛДІ

Түркістанда былтыр халықаралық талапқа сай ескек есу кешені ашылған болатын. Оған облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, су спортын дамытуға қолдау көрсетті. Ескек есу кешені әлемдік додалар өткізетін деңгейге жеткізілді. Міне, сол жұмыстар жемісін бере бастады. Түркістан қаласы 2026 жылдың 3-7 маусымы аралығында байдарка мен каноэде есуден U18 бен U23 жас санатындағы Азия чемпионатын және параканоэден Азия чемпионатын қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде тарихи шаһарға Қазақстаннан бөлек Азияның 14 мемлекетінен командалар келді. Бұл – Азияның 14 елінде Түркістан туралы айтылады деген сөз.
Бүгін, 3 маусым күні кешкі сағат 20:00-де Түркістандағы халықаралық есу арнасында құрлық біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Азияның үздік жас спортшылары мен параканоэ шеберлері бас қосатын байрақты бәсеке 7 маусымға дейін жалғасады.
Чемпионат қарсаңында Халықаралық байдарка мен каноэ қауымдастығының өкілдері Түркістандағы есу арнасына арнайы тексеріс жүргізді. Делегация құрамында байдарка мен каноэде есу (спринт) комитетінің директоры Ченг Кок Хуа (Сингапур), параканоэ спортшыларын медициналық классификациялау жөніндегі мамандар доктор Дипшиха Бенивал (Үндістан) мен Ян ЛеКаррер (Франция) болды. Қонақтарға кешен жұмысын ескек есу спорты түрлерінен «Қайық» Ұлттық федерациясының бас хатшысы Әділет Құсманов пен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы әрі жарыс директоры Дәулет Сұлтанбеков таныстырды. Арнайы мамандар жарыс өтетін нысанның талаптарға толық сай екеніне көз жеткізіп, спортшылардың қолайлылығы үшін бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ Азия чемпионаты қарсаңында «Қайық» Ұлттық федерациясының басшылығымен спортшылар мен жаттықтырушылар құрамының қатысуымен арнайы жиын өтті. Федерация басшылығы қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында ұлттық құрама мүшелеріне арнайы спорттық киімдер табысталды. Жарысқа арналған жаңа форма федерацияның бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» АҚ және бас серіктесі – Спортты қолдау қорының қолдауымен әзірленді.
Биылғы құрлық чемпионатына Азияның 15 елінен 300-ге жуық спортшы қатысады. Түркістанға Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Ирак, Иран, Жапония, Корея Республикасы, Қырғызстан, Макао, Өзбекстан, Сингапур, Тайланд, Тәжікстан, Қытай Тайбэйі және Қазақстан құрамалары келді. Олар қалаға орналасып, жаттығуларын жүргізіп жатыр.
Дүбірлі сында Қазақстанның намысын 58 спортшы қорғайды.
Осылайша, Түркістан тағы бір мәрте халықаралық спорт орталығы ретіндегі мәртебесін дәлелдеп отыр. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын шаһар енді бірнеше күн бойы Азияның ең үздік жас ескек есушілері мен параканоэшілерінің бәсекесіне куә болады.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАРЫС ҚОЖАЙЫНДАРЫ 42 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАРЫС ҚОЖАЙЫНДАРЫ 42 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

04.07.2026
ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

30.06.2026
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРМЕК ҚҰРАЛБАЙ – ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРМЕК ҚҰРАЛБАЙ – ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

29.06.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ДАУЫС» КОАЛИЦИЯСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

«ДАУЫС» КОАЛИЦИЯСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

24.08.2026
СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?   

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?  

24.08.2026
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

24.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған