• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 30 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Ақжан – Астананың жаңа символы

30.06.2026
in Басты ақпарат
Ақжан – Астананың жаңа символы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқорасындағы Ақжан есімді келісті байталды Астананың символына балап жүргендер бар. Қылаңбоз Ақжандай аяулы қылқұйрық жоқ болып тұр қазір елорда төңірегінде. Солай болмай қайтсін, Президенттің сүйікті жануары жер бетінде сирек кездесетін түгінің түсімен-ақ, әлеуметтік желінің көзайымына айналып отыр.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттіктер дайын жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін және мемлекеттік нөмірді үйіне жеткізіп ала алады

Шымкенттіктер дайын жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін және мемлекеттік нөмірді үйіне жеткізіп ала алады

30.06.2026
Халықтық Конституция 1шілдеде күшіне енеді

Халықтық Конституция 1шілдеде күшіне енеді

27.06.2026

Инвестиции – основа экономики: в Шымкенте прошел форум по сопровождению инвестиционных проектов

27.06.2026

Қазақ даласында аты аңызға айналған жылқы баласы жетерлік. Елордадан Көкшетауға шыға берісте мен мұндалап тұрған Құлагердің мүсіні соған дәлел. Солардың ізін жалғап Ақжанның арқа төсінде тууы заңдылық деуге де болады.

Ақжандай қылаңбоз түкті жылқы Ақалтеке тұқымының өз ішінде 3 пайызға жетпейді. 2025 жылдың 30 наурызында туған жылқының сұлу төлі түгінің түсімен ертегі тұлпарларын еске салады. Өмірде болмаған, қияли суретшінің шебер қолынан шыққан кескін сияқты көрінеді. Қылаңбоз түкті жылқыны қазақ ежелден ақжолтай хабар таситын тәңірдің сыйы деп білген.

Ақжан да кез келген ерекше көрікті жылқы баласы сияқты ақсүйектердің тақымына ғана жарасатын, сән мен салтанаттың символы болып көрінуі мүмкін. Бірақ оның Президент атқорасындағы миссиясы шаруашылық мақсаттан әлдеқайда ауқымды, өзгеше мұратпен үндесіп жатыр. Ақжан бейнесі Қазақстанның заманауи эстетикасына, «Жанды таза ұстау» идеясына жаңаша мән беріп, жауапкершілік әдебін үлгі етеді. Ақжанды Астананың символына айналдырып тұрған осындай астарлы идеялар. Өйткені көрікті жылқының бойында дүбірлі дала тарихы мен бүгінгі қала бейнесі қатар үйлесім тапқан.

— Астана халқын тынымсыз тіршілік мүдделері ғана емес, тарих, дәстүр сияқты эмоциялық байланыстар да біріктіре алу керек. Мұндай байланыс қалаға бауыр басып үлгерген адамдардың ықыласын баянды ете түседі, — дейді урбанист Әдия Қарсыбек.

Сарапшының пайымдауынша, алпауыт қалалардың көбінде бейресми символдары бар. Ондай символдардың қолдан жасалмауы, жоғарыдан таңылмауы маңызды. Түптеп келгенде халық өз мекенінің символын өз айқындап алады.

 

Таныс та таңсық бейне

Ақжан сирек кездесетін мәдени феномен болғанымен, халыққа бейнесі түсінікті.

Ақжан Ұлы далаға Көктен келген жылқы ғана емес, азаматтық жауапкершілік пен парасат негізгі ұстын болып бекітілген заманауи Қазақстанның метафорасы. Қазақстандықтар аңсайтын өмір стилін бейнелейтін заманауи атауға кіршіксіз «Ақжан» дөп келіп тұр.

Ақжанның әлеуметтік желі арқылы өздігінен қалыптасқан бейнесі Астананың Көк пен Жер үйлесім нүктесіне айналған таңғажайып сәулетіне табиғи түрде кірігіп тұр.

Жаны кіршіксіз тұрғын да, қонақ та айналасын былғамай, көкті жұлмай, гүлді баспай, немқұрайды пейілден ада тіршілік етеді. Мұндай тазалықтың рухын бір сезінген адам ескі әдеттерге қайта аяқ баспайды да.

— Адамға өзі мекен еткен кеңістіктің құндылықтарын түсіну, сезіну маңызды. Символдардың мәні осында. Ұжымдық жады мәдениеттің бастауында тұр. Қаланы сүйікті қылатын зәулім де сәнді ғимараттар ғана емес, жарқын естеліктер мен әдемі бейнелер, ақиқатқа бергісіз аңыздар, — дейді Әдия Қарсыбек.

Қазақ жылқыны еркінен айырған заманда өзіне еркіндік сыйлаған болатын. Бірақ еркіндік ешқашан «білгеніңді істеу» деген түсінікпен шектелмеген. Атының бабын табу үшін қас-қабағына қарап үйренген қазақ танымы еркіндіктің басты қайнары жауапкершілік екенін білген. Жылқының бабын тапқан атбегінің бәрі тізгінді қай кезде бос тастап, қай кезде қалай бұру керектігін түйсік деңгейінде меңгерген.

Сондықтан қазақ жылқыға ауыздық салғанда оны еркінен толық айырмай, дала төсіндегі серігі ретінде көрген. Әділетті қаланың тұрғындары мен билігі де, мемлекеті мен азаматтары да осындай үйлесім тапқанда шынайы сенім пайда болады.

Қазақстан өзінің атауын жаңаша бренд ретінде танытқысы келсе, соның бір бөлшегі Ақжан болары даусыз. Өйткені Ақжанға деген ықыластың астарында өткенге құрмет, келешекке үміт жатыр. Тазалықты әуелі жан дүниеңнен, одан кейін өз айналаңнан бастау ұраны да жатыр.

Түйіндесек, Ақжанның қылаңбоз бейнесі өткеннің дақты дүбірі мен келешек табыстардың арасын жалайтын жанды көпір. Қазақтың кеудесінде атқұмарлық барда еркіндік пен ерлікке деген ықыласы жоғалмайды.

Дерек көзі: https://kaz.inform.kz/news/akzhan-astananin-zhana-simvoli-fb3a8283

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкенттіктер дайын жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін және мемлекеттік нөмірді үйіне жеткізіп ала алады

Шымкенттіктер дайын жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін және мемлекеттік нөмірді үйіне жеткізіп ала алады

30.06.2026
Ақжан – Астананың жаңа символы

Ақжан – Астананың жаңа символы

30.06.2026
СОТ ҚҰЖАТТАРЫНА АПОСТИЛЬ ҚОЮ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙНАЛЫМДАҒЫ РЕСМИ ҚҰЖАТТЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН РАСТАУ

СОТ ҚҰЖАТТАРЫНА АПОСТИЛЬ ҚОЮ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙНАЛЫМДАҒЫ РЕСМИ ҚҰЖАТТЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН РАСТАУ

29.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған