• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 26 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮЛКІБАСТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

11.05.2026
in Қоғам, Мәдениет
ТҮЛКІБАСТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түлкібас ауданында «Түркібасы – айбыным, «Шынар бастау» – айдыным» атты республикалық жастар шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.
Марапаттау рәсімі «Шынар бастау» мәдени-рухани демалыс кешенінде өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық БАҚ басшылары, ғалымдар мен аудан тұрғындары қатысты.
Алғаш рет ұйымдастырылған байқау Түлкібас өңірінің табиғи және тарихи ерекшеліктерін, ана тақырыбын, туған жерден шыққан танымал тұлғаларды еліміздің ақпарат кеңістігінде кеңінен насихаттауға арналды. Сонымен қатар жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін күшейтуді мақсат етті.
Байқаудың бас демеушісі – Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қорының президенті, саясаттану ғылымдарының докторы Қайрат Айтбай. Идея авторы – белгілі медиа және коммуникация маманы, қоғам қайраткері Жандар Асан.
– Байқаудың басты мақсаты – Түлкібас өңірінің тарихы мен бүгінгі жетістіктерін, туристік әлеуетін дәріптеу. Сонымен қатар аудандағы қасиетті орындардың бірі – «Шынар бастау» мәдени-рухани кешенінің ерекшелігін, ана тақырыбы мен Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Мекемтас Мырзахметұлы, Мархабат Байғұт сынды тұлғалардың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау, – деді Жандар Асан.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биылғы байқауға 90-ға жуық шығарма келіп түскен. Материалдар «Түркібасы – айбыным, байлығым, Мекемтас-биігі – тағзым-тағылым, Тұраркентім – төл ұғым, «Шынар бастау» – айдыным» тақырыптарын қамтыған.
Құрамында БАҚ басшылары, тіл мамандары мен танымал журналистер болған комиссия жұмыстарды бірнеше критерий бойынша саралады. Атап айтқанда, шығармаларда Түлкібас ауданының тарихы, даму кезеңдері мен болашағы, туристік орындары, «Шынар бастау» кешенінің ерекшелігі, отбасылық құндылықтар, ананы құрметтеу және тарихи тұлғалардың тағылымы кеңінен көрініс табуы тиіс болды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ақнұр Құралбекке бұйырды. Жас таланттың еңбегі жоғары бағаланып, қазылар алқасының ерекше ықыласына ие болды.
Бірінші орынды «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Аяжан Мәмет иеленді. Екінші орынды жас жазушы Гүлсая Рүстем мен Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің мұғалімі Сандуғаш Аяғанова өзара бөлісті. Ал үшінші орын Абай атындағы мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Айгерім Пірімжанға, Астана халықаралық университетінің студенті Жансая Бектеналыға және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Нұргүл Қадырбайға берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қоры тағайындаған арнайы сыйақылармен марапатталды. Шара барысында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, шығармашылық ортаға ерекше қолдау көрсетілді.
Байқауда үздік деп танылған шығармалар республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында «Түркібасы – айбыным, «Шынар бастау» – айдыным» атауымен жарияланатын болады. Сонымен қатар байқауға ұсынылған барлық туындылар арнайы жинаққа енгізіліп, болашақ зерттеушілер үшін құнды дереккөзге айналмақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілмек. Бұл бастама жас қаламгерлерді қолдауға, өңірдің мәдени-рухани келбетін танытуға және шығармашылық орта қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба ретінде бағаланып отыр.

Оқи отырыңыз...

«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

19.05.2026
Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды

Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды

19.05.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі, сан салалы кезеңі ретінде қарастырады»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі, сан салалы кезеңі ретінде қарастырады»

19.05.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

25.05.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

25.05.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 300 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 300 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

25.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған