• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 28 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ОРДАБАСЫ: МЕЙІРІМ МЕН ІЗГІЛІК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

13.05.2026
in Қоғам, Мәдениет
ОРДАБАСЫ: МЕЙІРІМ МЕН ІЗГІЛІК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай аудандық Мәдениет үйінде денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп жүрген мейірбикелердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Адам жанының арашасы болып, халық денсаулығын сақтау жолында аянбай қызмет атқарып жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілген кеш тағылымды мазмұнда өтті.
Мерекелік іс-шара аудандық медицина мекемесі әзірлеген «Аурухана тынысы» атты бейнероликпен ашылды. Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз құттықтау сөз сөйлеп, мейірбикелер қауымына ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімінің, облыстық мәслихаттың және аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Алиасқар Бердімұратов сөз алып, сала мамандарына партияның Алғыс хаттарын табыстап, олардың жауапты қызметіне табыс тіледі.
Аудандық Орталық ауруханасының басшысы Райымбек Тасырбаев денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер мейірбикелерге ерекше құрмет көрсетті. Ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан сала ардагерлеріне сый-сияпат табысталып, кәсіби еңбектері жоғары бағаланды. Сонымен бірге облыстық Денсаулық сақтау басқармасының, Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің және мекеме басшылығының Алғыс хаттары табысталды.
Мерекелік жиын барысында мейірім мен ізгіліктің үлгісіне айналған мейірбикелердің қоғамдағы орны мен еңбегінің маңызы кеңінен айтылып, ақ халатты абзал жандарға көрсетілген құрмет пен ризашылық айқын көрініс тапты.
Мейірбике – тек медициналық маман иесі ғана емес, науқасқа үміт пен сенім сыйлайтын, адам өміріне араша түсетін ең жауапты мамандықтардың бірі. Олар дәрігердің негізгі көмекшісі бола отырып, науқастарға күнделікті күтім жасап, емдеу процесінің сапалы жүруіне тікелей үлес қосады. Сондықтан бұл мамандық иелерінің еңбегі денсаулық сақтау жүйесінде ерекше бағаланады.
Қазіргі таңда Ордабасы ауданында денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ауруханалар мен емханалар заманауи жабдықтармен қамтылып, медициналық қызмет сапасы артып келеді. Сонымен қатар, жас мамандарды қолдау, біліктілікті арттыру курстарына жіберу және тәжірибе алмасу шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Мейірбикелердің кәсіби мерекесіне арналған мұндай іс-шаралар олардың еңбегіне деген қоғамның құрметін көрсетіп қана қоймай, жас мамандарға да үлкен мотивация береді. Өйткені ақ халатты абзал жандардың адал еңбегі – халық денсаулығының кепілі.
Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, мерекелік концерттік бағдарлама тамашалады. Кеш жоғары деңгейде өтіп, ізгілік пен мейірім иелеріне деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.

Оқи отырыңыз...

В Шымкенте торжественно отметили День казахстанской полиции

Шымкентте Қазақстан полициясы күні салтанатты түрде аталып өтті

23.06.2026
В Шымкенте торжественно отметили День казахстанской полиции

В Шымкенте торжественно отметили День казахстанской полиции

23.06.2026
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

23.06.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Халықтық Конституция 1шілдеде күшіне енеді

Халықтық Конституция 1шілдеде күшіне енеді

27.06.2026

Инвестиции – основа экономики: в Шымкенте прошел форум по сопровождению инвестиционных проектов

27.06.2026
Инвестиция – экономика негізі: Шымкентте инвест-жобаларды сүйемелдеу форумы өтті

Инвестиция – экономика негізі: Шымкентте инвест-жобаларды сүйемелдеу форумы өтті

27.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған