• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 13 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

12.03.2026
in Без рубрики
Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

Шымкент қаласында ардагер шахматшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Аталған жарыс 50 жастан асқан және 65 жастан асқан спортшылар санатындағы елдің ең мықты шахматшыларын анықтап қана қоймай, халықаралық деңгейдегі беделді турнирлерге қатысатын ұлттық құрамалардың құрамын айқындайды.
Чемпионат барысында қатысушылар шахматтың үш түрі бойынша сынға түседі: классикалық шахмат, рапид және блиц. 1962–1976 жылдары туған спортшылар 50 жастан асқан ойыншылар санатында, ал 1961 жылға дейін туған шахматшылар 65 жастан асқан ойыншылар санатында бақ сынайды. Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар Италияда өтетін командалық әлем чемпионатына, Сербияда өтетін жеке әлем чемпионатына және Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Биылғы чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 97 спортшы қатысуда. Олардың қатарында 50 жастан асқан әйелдер санатында 13 қатысушы, 65 жастан асқан әйелдер санатында 9 қатысушы бар. Ал ерлер арасында 50 жастан асқан спортшылар санатында 34 шахматшы, 65 жастан асқан спортшылар санатында 41 қатысушы өнер көрсетуде.
Жарыс форматына сәйкес, 50 жастан асқан әйелдер арасында турнир 7 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өтеді. 65 жастан асқан әйелдер арасында 8 турлық айналмалы жүйе қолданылса, ерлер арасындағы екі жас санатында да 9 турдан тұратын швейцариялық жүйе пайдаланылады.
50 жастан асқан әйелдер арасында негізгі фавориттер қатарында Алматы қаласының өкілі Виктория Иржанова, Астана қаласынан Альфия Туребаева, Павлодар облысынан Елена Анкудинова және Алматы қаласынан Елена Гайченя бар. Дегенмен мамандар шахматта күтпеген нәтижелер жиі кездесетінін айтып, басқа да қатысушылардың жеңіске жету мүмкіндігін жоққа шығармайды.
65 жастан асқан әйелдер арасында дебютант Ирина Буланова (Алматы) басты фавориттердің бірі саналады. Оған өткен жылғы чемпион Инна Матвеева-Попрукайло (Алматы), сондай-ақ Ақтөбе облысынан Зайтуна Туралиева мен Жамбыл облысынан Елена Деревянко лайықты бәсекелес болмақ.
Ерлер арасындағы 50 жастан асқан спортшылар санатындағы бәсеке де тартысты өтеді деп күтілуде. Былтырғы көшбасшылардың қатыспауына байланысты басты үміткерлер қатарында рейтингтері 2000-нан асатын тәжірибелі шахматшылар бар. Олардың қатарында Ерлан Тикжанов (Алматы), Абай Ақшибеков (Жамбыл облысы), Нұрлан Досов (Астана), Олег Головчук (Шымкент), Ғалымжан Ибраев (Қызылорда облысы) және Нұрлан Тілеубай (Қостанай облысы) бар.
Халықаралық арбитр, чемпионаттың бас төрешісі Сергей Кимнің айтуынша, 65 жастан асқан спортшылар санатында да қызықты өзгерістер орын алған.
«Қонақжай Шымкент қаласы ардагер шахматшылар арасындағы Қазақстан чемпионатын қабылдап отыр. Қазіргі таңда шахмат федерациясында бұл санаттағы жарыстар “сеньорлар” чемпионаты ретінде өткізіледі. 65 жастан асқан спортшылар санатында бірқатар өзгерістер болды. 2025 жылғы Азия чемпионы Марат Примбетов бұл турнирден босатылды. Ал 50 жастан асқан ойыншылар санатынан гроссмейстер Серікбай Темірбаев (Ақмола облысы) осы топқа ауысты. Сонымен қатар жеңіске үміткерлер қатарында Владислав Насыбуллин (Астана), Александр Звягин (Шымкент) және Қуанышбек Жұмадуллаев (Түркістан облысы) бар», – деді бас төреші.
Чемпионат келесі кесте бойынша өтеді:
12–18 наурыз аралығында классикалық шахмат партиялары ойнатылады. Әр партияға 90 минут уақыт беріліп, әр жүріске қосымша 30 секунд қосылады.
19 наурызда жылдам шахмат (рапид) турнирі өтеді. Мұнда әр ойыншыға 10 минут уақыт беріліп, әр жүріске 5 секунд қосымша уақыт қарастырылған.
20 наурызда молниеносный шахмат (блиц) жарыстары ұйымдастырылады. Әр партияға 3 минут уақыт беріліп, әр жүріске 2 секунд қосымша уақыт қосылады.
Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен қатар ақшалай сыйақыларға ие болады. Классикалық шахмат бойынша бірінші орынға – 250 мың теңге, екінші орынға – 150 мың теңге, үшінші орынға – 100 мың теңге көлемінде сыйақы қарастырылған.

Оқи отырыңыз...

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

12.03.2026
Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

12.03.2026
Қаратау ауданы тұрғындарымен ашық диалог өтті

Қаратау ауданы тұрғындарымен ашық диалог өтті

12.03.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

12.03.2026
Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

12.03.2026
Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

12.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған