• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 12 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ СҰХБАТ ОРНАТА БІЛУІ КЕРЕК

12.03.2026
in Без рубрики
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ СҰХБАТ ОРНАТА БІЛУІ КЕРЕК

Әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосқан жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында осылай мәлім етті.

Оқи отырыңыз...

Армия поддерживает тех, кто хочет двигаться вперёд: солдат Национальной гвардии развивает мобилографию и снимает жизнь воинской части

Армия поддерживает тех, кто хочет двигаться вперёд: солдат Национальной гвардии развивает мобилографию и снимает жизнь воинской части

12.03.2026
Алға ұмтылғандарға әскер қолдау көрсетеді: Ұлттық ұланның сарбазы мобилографияны дамытып, әскери бөлім өмірін таспалауда

Алға ұмтылғандарға әскер қолдау көрсетеді: Ұлттық ұланның сарбазы мобилографияны дамытып, әскери бөлім өмірін таспалауда

12.03.2026
ТОҚАЕВ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ТОҚАЕВ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

12.03.2026

Президент осылайша, жұмыстың сапасын арттырып, қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауға болатынын, қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажеттігін ескертті.

«Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін түрлі дотацияға сеніп отыра бермеуі керек. Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет.

Жергілікті билік өкілдері табысты көбейту үшін белсене жұмыс істеуге тиіс. Бюджет қабылданатын кезде «Қанша жұмыс орны ашылады, жеке инвестиция тартыла ма, бизнестің дамуына қандай жағдай жасалады, қанша салық төленеді?» деген сауалдарға нақты жауап берілуі керек. Күрішті күрмектен ажырата білу қажет. Бұл – барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихаттар депутаттары, ең алдымен, мемлекет мүддесіне қызмет ететін бір ұжым, бір команда деген сөз.

Барлық аймақтың мәслихаттары мен әкімдіктері бірлесіп, бюджеттің әр теңгесінің ел игілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуге міндетті», — деді Мемлекет басшысы.

Президент мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсуді, олардың жергілікті билік жүйесіндегі рөлін күшейту қажеттігіне тоқталды.

«Әкімдер халықпен кездескенде азаматтардың көбі нақты мәселелерді айтып, бірнеше сұрақ қояды. Сондай түйткілдер дұрыс шешімін табуы үшін депутаттық корпус белсенді түрде бақылау жасап, әкімдермен бірге жұмыс істеуі керек.

Сондай-ақ мәслихаттардың ішкі жұмыс тәртібін ретке келтіріп, қайта қараған абзал. Олардың көптеген құзыреті әлі күнге дейін айқын емес. Бұл ахуал мемлекеттік басқару үдерісіне кедергі келтіріп отыр.

Сондықтан өз міндетін орындамаған немесе этиканы бұзған мәслихат депутаттарының жауапкершілігін күшейтетін нақты шаралар қабылдау қажет. Мұндай қадам халықтың саяси мәдениетін дамытуға және өкілді билік институтына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы басқарудың ротациялық тәртібін мемлекеттік биліктің барлық деңгейіне біртіндеп енгізіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда сайланатын әкімдердің өкілеттігі екі мерзіммен шектелген. Ол мәслихат төрағаларын ротация тәртібімен ауыстыру қағидатын енгізу керек деп санайтынын жеткізді.

«Бұрын мәслихаттарды басқаратын хатшылары болды, енді төрағалар басқарып отыр. Бұл, меніңше, дұрыс шешім болды. Алайда, олардың өкілеттігі де екі мерзімнен аспауы қажет. Осындай әдіс арқылы кәсіби депутаттық корпус қалыптастырып, оның тиімділігін арттыруға болады. Бұл ұстаным елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың логикасына сай келеді», — деді ол.

Мелекет басшысы барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық әрі түсінікті әңгіме, сұхбат орната білуі керек екенін атап өтті.

«Шағымданатын азаматтардың арасында түрлі адам болады, бұл – белгілі нәрсе. Десек те, шын мәнінде, мұқтаж адамдар аз емес, оларға қолғабыс етуіміз керек. Бүгінде орталыққа аймақтардан жолданатын арыз-шағымдар көбейіп кетті. Бұл мәселе туралы мен Жолдауымда айтып өттім. Былтыр Президент Әкімшілігіне шамамен 83 мың өтініш келіп түскен. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Шағымдардың басым бөлігін жергілікті деңгейде қарап, дер кезінде шешуге болатын еді. Ешкім де мүлде мүмкін емес мәселені айтпайтыны белгілі.

Ашығын айтқанда, жұрт өңірдегі биліктен ең қарапайым деген мәселелерге қатысты түсініктеме ала алмайды. Содан соң азаматтар елордаға хат жолдап, тікелей Президентке жүгініп жатады. Шын мәнісінде, олардың арасында үнемі арыз жазатын «кәсіби» шағымданушылар бар, бірақ көбі өз мұң-мұқтажын айтып, Ақордаға шағымдануға мәжбүр.

Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс. Олар тұрғындардың мәселесін шешуге көмектесуі керек. Осы маңызды жұмысқа олардың құзыреті толық жетеді. Былтыр облыстық деңгейде атқарушы органдарға 6 мыңға жуық депутаттық сауал жолданды. Бірақ оның саны емес, сапасы маңыздырақ, яғни, мәслихаттар осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға тиіс. Түптеп келгенде, аймақтардың дамуы, тұрмыс сапасының жақсаруы, жұрттың билікке зор сеніммен қарауы Сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты. Осыны әрдайым басты назарда ұстаған жөн», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

12.03.2026
Армия поддерживает тех, кто хочет двигаться вперёд: солдат Национальной гвардии развивает мобилографию и снимает жизнь воинской части

Армия поддерживает тех, кто хочет двигаться вперёд: солдат Национальной гвардии развивает мобилографию и снимает жизнь воинской части

12.03.2026
Алға ұмтылғандарға әскер қолдау көрсетеді: Ұлттық ұланның сарбазы мобилографияны дамытып, әскери бөлім өмірін таспалауда

Алға ұмтылғандарға әскер қолдау көрсетеді: Ұлттық ұланның сарбазы мобилографияны дамытып, әскери бөлім өмірін таспалауда

12.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған