• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 4 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

«Мамандығымды – мақтанышым деп білемін»

04.03.2026
in Без рубрики
«Мамандығымды – мақтанышым деп білемін»

Қазақ тарихында ерлік пен өрліктің туын жықпаған батыр аналар аз болмаған. Ел басына күн туған сын сағаттарда нәзік жандылар да ер-азаматтармен қатар атқа қонып, Отан қорғау жолында жанқиярлық танытқан. Сол елдің аманатын ерлермен бірдей арқалаған қаһарман қыздардың есімі ел жадында мәңгі сақталған. Олардың батырлығы – тек тарихи ерлік емес, ұрпаққа үлгі, рух пен намыстың символы.

Оқи отырыңыз...

Отанға адалдық – жүрек таңдауы

По зову сердца — в погонах

04.03.2026
Отанға адалдық – жүрек таңдауы

Отанға адалдық – жүрек таңдауы

04.03.2026

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА «VOICE WALL» ИНТЕРАКТИВТІ АЛАҢЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

04.03.2026

Бүгінде тәуелсіз Отанымызды қорғауда да сол ерлік дәстүрі жалғасын табуда. Ұлттық ұлан қатарында әскери форма киген заманауи қазақстандық арулар бейбіт күннің тыныштығын күзетіп, әскери антқа адал қызмет атқарып келеді. Олар – қайсарлық пен жауапкершіліктің, кәсібилік пен патриотизмнің жарқын көрінісі.

Бүгінгі әңгіме де тарихтағы батыр аналардың ерлік жолын жалғап, әскери қызметті өмірлік таңдауы еткен капитан Шынжігітова Малика Серікбайқызы жайында болмақ. Ол Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде мемлекеттік тіл маманы болып қызмет атқарып келеді. Оның еңбек жолы мен азаматтық ұстанымы – өткеннің өнегесі мен бүгіннің биік талаптарын тоғыстырған тағылымды тағдыр.

Оңтүстік өңіріндегі киелі Қазығұрт тауының етегінде дүниеге келген Малика бала кезінен көркем әдебиет пен қазақ тілін сүйіп оқыды. Мектеп жасынан тек үздіктер қатарында жүрген ол 11-сыныпты да қызыл аттесттатпен аяқтады. Ұстаздық жолды таңдап, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.  Студент кезінде де өз ортасының алды болды. Өзі оқыған университет кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. Болашағын ғылым жолына арнап, аспирантураға да түсті. Алайда өмір оның жолын мүлде өзге бағытта өрбітті. Отан қорғауға өмірін арнаған жас офицер — болашақ жары Бекжанмен танысып, отбасын құрады. Жолдасының қызмет бабымен еліміздің батыс өңіріндегі Ақтөбе, Атырау қалаларында тұруға тура келеді. Маликаның әскери қызметі 2012 жылы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде басталады. «Әрине әскери қызметті бірден игеріп кету қиынға соқты. Әскери орта – тәртіп пен жауапкершіліктің ордасы. Бұл салада қызмет ету табандылықты, төзімділікті және кәсіби біліктілікті талап ететіні сөзсіз. Балаларым да кішкентай, жолдасым екеуміз де таңның атысы, күннің батысы қызметтеміз. Бірақ қиындықтан қорықпай бәрін еңсердім, техникалық бөлімнің іс-жүргізушісі болып бастадым. Әріптес азаматтармен, басшы командирлерімнен жақсы қолдау таптым. Осылайша мамандығымды мүлде басқа салаға бұрдым. Бүгін міне 15 жылға жақындады, сержанттан офицерге дейін өстім. Ел үшін атқарып жатқан қызметімді, мамандығымды мақтан етемін»,- дейді капитан Шынжігітова Малика. Шығармашылыққа жаны жақын Маликаны бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары үнемі әскери бөлімде өтетін мәдени іс шараларды тізгіндеуге, жүргізуші ретінде алып жүреді. Осылайша 2017 жылы клуб бастығы лауазымына тағайындалады. Тәрбиеші офицерлер қатарында жүріп, сарбаздардың патриоттық рухын көтеруге, олардың қатаң тәртіп пен жауапкершілігі жоғары жауынгерлік қызметті атқара жүріп,  мәдени және рухани дамуына бағытталған көптеген ауқымды іс-шараларды ұйымдастырады. 2020 жылы өз мамандығы бойынша әскердегі тіл маманы болып қызметін ауыстырады. Жасынан көркем сөз бен әдебиетті жанына жақын тартқан капитан Малика Серікбайқызы Ұлттық ұланның «Қалқан» газетіне өзі қызмет еткен әскери бөлімнің тыныс-тіршілігі, үздік әскери қызметшілер, үлгілі офицерлер мен командирлер жайында қарымды мақалалар жазып ұсынып жүреді. Жолдасы да көптеген офицерлік лауазымдарды атқарып, денсаулығына байланысты зейнетке шығады. Малика Серікбайқызы: «2022 жылы қызмет бабымен араға 17 жыл салып, Шымкент қаласындағы әскери бөлімге ауысуға бұйрық шықты. Мен үшін үлкен қуаныш болғанымен, 12 жыл қызмет барысында бір сапта, бір бөлімде қатар тұрған батыстағы әріптестеріммен қоштасу қиын болды. Әрине қызмет болған соң, амал жоқ, тек көңілге медеу туған жерге оралу еді»,- деп есіне алды.  Осылайша погонды формамен қызметін атқарып келе жатқан капитан Шынжігітова Малика бүгінде 6698 әскери бөлімінде әскери ұжымда сыйлы маманға айналған. Ол мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, іс жүргізуді қазақ тілінде жүргізу мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді. Бүгінде бөлімдегі қызметтік құжаттардың сапалы дайындалуы, тілдік нормалардың сақталуы – оның тікелей бақылауында.

Тіл саласымен бірге ол әскери қызметтің тыныс-тіршілігін, жауынгерлердің жетістігін, оқу-жаттығулар мен қоғамдық іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттап, әскери бөлім мен қоғам арасындағы ақпараттық көпірді жалғайтын тілші қызметін де қатар алып келеді.  Қашанда жинақы жүретін Малика жауынгерлік дайындықта да осалдық танытқан емес, атыс, дене дайындығы бойынша тек алда жүреді. Әскери әдеп пен қызметтік мәдениетті үнемі жоғары ұстайды, ұжымдағы ауызбіршілік пен өзара құрметтің нығаюына қосып жүрген үлесі де аз емес, өз ортасында әріптестерінен көмегін аямайтын қамқоршылық қасиеті тағы бар. Әскери бөлімнің қоғамдық жұмыстарына да белсене араласады.

Әйел затына тән мейірім мен сабырлылықты, әскери талапшылдықпен үйлестіре білген офицердің отбасы да үлгілі. Жолдасы Бекжан екеуі 3 перзент тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы — Мағжан Астана қаласындағы Л. Гумилев атындағы Ұлттық университеттің 2 курс студенті. Қыздары — Саяжан мен Аянат мектеп қабырғасындағы — озат оқушылар.

8 наурыз – тек көктем мен нәзіктіктің мерекесі ғана емес, сонымен қатар ерлік пен еңбекті бағалайтын тағылымды күн. Әскери қызметке өмірін арнаған капитан Малика Серікбайқызы – қайсарлық пен жауапкершілікті, кәсібилік пен патриотизмді үлгі тұтқан, заман талабына сай білімді, рухы биік, өз ісіне адал маман екені даусыз,  ол ел тыныштығын күзете отырып, аналық мейірім мен адамгершілік құндылықтарды қатар алып жүр десек те болады. Осындай арулардың еңбегі арқылы әскер абыройы артып, мемлекет қорғаны нығая түседі.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әскери қызметтегі барлық нәзік жандыларға құрмет білдіре отырып, олардың қажырлы еңбегі мен Отанға деген адалдығы әрдайым жоғары бағаланатынын атап өткіміз келеді. Әйелдің күші – рухында, ал рухы биік елдің болашағы да баянды.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫМҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫМҒА БЕРІЛДІ

04.03.2026
ТУРКЕСТАН: ОШТРАФОВАНЫ ПРЕДПРИЯТИЯ, ДОПУСТИВШИЕ НАРУШЕНИЯ В СФЕРЕ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ

ТУРКЕСТАН: ОШТРАФОВАНЫ ПРЕДПРИЯТИЯ, ДОПУСТИВШИЕ НАРУШЕНИЯ В СФЕРЕ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ

04.03.2026
«Мамандығымды – мақтанышым деп білемін»

«Мамандығымды – мақтанышым деп білемін»

04.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған