• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 10 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АЙМАҚТАРДЫ ТЕҢ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАДЫ

10.02.2026
in Басты ақпарат, Қоғам, Технология, Экономика
АЙМАҚТАРДЫ ТЕҢ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, өңірлерді дамыту, цифрлық мемлекет қалыптастыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, бұл бағыттар елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына тікелей әсер етеді.

Оқи отырыңыз...

САЛЫҚ ПЕН БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖАҢҒЫРТУ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ НАҚТЫ ТАЛАП ҚОЙДЫ

САЛЫҚ ПЕН БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖАҢҒЫРТУ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ НАҚТЫ ТАЛАП ҚОЙДЫ

10.02.2026
ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

10.02.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ТАРИХИ БАҒЫТ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ТАРИХИ БАҒЫТ

10.02.2026

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, оның тапсырмасымен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Негізгі мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті қысқарту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Президент аймақтардың экономикасы жалпы алғанда өсіп келе жатқанын атап өткенмен, бірқатар түйткілді мәселе әлі де шешілмей отырғанын айтты.

Соның бірі – инфрақұрылым тапшылығы. Орташа есеппен өңірлердің инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 64,1 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш өңірлер арасында айтарлықтай алшақ. Әсіресе, жаңадан құрылған Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы облысында инфрақұрылым жеткіліксіз. Мемлекет басшысы бұл аймақтарға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Президент өңір басшыларына экономиканы әртараптандыруды, азаматтардың табысын арттыруды, инфляцияны төмендетуге бағытталған нақты шаралар қабылдауды міндеттеді. Сонымен қатар сапалы инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу – әкімдердің басты назарында болуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық мемлекет құру мәселесін стратегиялық міндет ретінде атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру артық шығынды қысқартып, әкімшілік кедергілерді жоюға, басқарудағы тиімсіз шешімдерді азайтуға мүмкіндік береді. Алайда Президент цифрландыруды барлық олқылықты жабатын «әмбебап құрал» ретінде қабылдауға болмайтынын ескертті. Жауапкершіліктен қашу үшін кемшіліктің бәрін цифрландыруға жабу – қате тәсіл екенін қадап айтты.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні цифрлық саясаттың өзегі ету қажеттігін атап өтті. Үкімет жасанды интеллектіге негізделген маңызды цифрлық жобаларды уақтылы әрі толық қаржыландыру үшін нақты басымдықтарды айқындауы тиіс. Әйтпесе, ауқымды жоспарлар қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін.

Президент цифрлық дамуды жеке сектормен тығыз әріптестікте жүзеге асыруды тапсырды. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен деректер базаларын біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, мәліметтерді басқару сапасы әлі де төмен. Осыған байланысты Мемлекет басшысы деректерді мемлекеттің стратегиялық ресурсы ретінде қарап, бірыңғай стандарт енгізу қажеттігін айтты. Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық банкпен бірлесіп, жыл соңына дейін мемлекеттік мәліметтерді басқарудың біртұтас жүйесін құру тапсырылды.

Сонымен қатар Президент мемлекеттік цифрлық жүйелердегі жиі ақаулар қазіргі ІТ-технологиялардың ескіргенін және басқару сапасының төмендігін көрсететінін атап өтті. Барлық цифрлық өзгерістер QazTech платформасының негізінде жүзеге асырылып, ел бірыңғай цифрлық платформаға көшуі тиіс. Мемлекет басшысы бұл жұмысты бюджеттен шамадан тыс қаржы жұмсамай атқаруды талап етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық трансформация кезінде азаматтардың дербес деректерін қорғау мәселесіне де тоқталды. Онлайн-алаяқтық пен киберқылмысқа қарсы күрес күшейтіліп жатқанын айтып, Үкіметке киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Президент дербес деректерді қорғау мәселесі конституциялық деңгейде бекітілуі тиіс екенін де атап өтті.

Әлеуметтік саланы цифрландыруға қатысты Мемлекет басшысы бөлінген қомақты қаражаттың тиімділігіне күмән бар екенін айтты. Осыған байланысты үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыру, барлық әлеуметтік қолдау шараларын «Әлеуметтік әмиян» арқылы көрсету ұсынылды. Бұл жүйе жыл соңына дейін барлық өңірде іске қосылуы тиіс.

Сөз соңында Президент отандық Aitu мессенджеріне назар аударып, EGov AI әмбебап жасанды интеллект-көмекшісін әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл жүйе болашақта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнын басып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі жедел алуға мүмкіндік бермек.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

АЙМАҚТАРДЫ ТЕҢ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАДЫ

АЙМАҚТАРДЫ ТЕҢ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАДЫ

10.02.2026
САЛЫҚ ПЕН БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖАҢҒЫРТУ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ НАҚТЫ ТАЛАП ҚОЙДЫ

САЛЫҚ ПЕН БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖАҢҒЫРТУ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ НАҚТЫ ТАЛАП ҚОЙДЫ

10.02.2026
ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

10.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған