• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 31 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Жаңа Ата заң: қоғам мен мемлекеттің ортақ таңдауы

31.01.2026
in Басты ақпарат
Жаңа Ата заң: қоғам мен мемлекеттің ортақ таңдауы

Қазақстан Республикасының Ата заңына ұсынылып отырған тұжырымдамалық өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейту. Бұл өзгерістер халқымызға тән негізгі құндылықтарды айқындап, елдегі саяси институттардың тиімді жұмыс істеуіне жол ашады.

Оқи отырыңыз...

Қарабұлақта бірегей өндіріс қалыптасуда: KazTrailer жобасы отандық машина жасауды жаңа деңгейге көтермек

Қарабұлақта бірегей өндіріс қалыптасуда: KazTrailer жобасы отандық машина жасауды жаңа деңгейге көтермек

30.01.2026

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУСТЯТ КРУПНЕЙШИЙ В СТРАНЕ ПРОМЫШЛЕННЫЙ ТЕПЛИЧНЫЙ КОМПЛЕКС

29.01.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

29.01.2026

Жаңа Конституцияның Преамбуласында алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең басты басымдығы ретінде нақты көрсетілді. Сондай-ақ ел бірлігі, қоғамдық келісім, ұлтаралық және дінаралық татулық Қазақстан мемлекеттілігінің берік негізі екені айқындалды.

Ата заңның жаңа мәтініндегі маңызды бетбұрыстың бірі – ел дамуының өзегі ретінде білім, ғылым, мәдениет пен инновацияның белгіленуі. Бұл Қазақстанның болашағы табиғи байлықтарға емес, ең алдымен адам капиталына, азаматтардың білімі мен еңбегіне сүйенетінін көрсетеді.

Қазіргі заман талабына сай Конституцияда цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Яғни, азаматтардың жеке деректері мен цифрлық қауіпсіздігі заңмен қорғалатын болады.

Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – оның толықтай адам құқықтарына бағытталуы. Бұл қағида тек Преамбулада ғана емес, бүкіл Ата заңның мазмұнында негізгі өзек ретінде көрініс тапқан.

Сонымен қатар, дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты бекітіледі. Неке – ер мен әйелдің тең құқықты әрі ерікті одағы екені Конституция деңгейінде белгіленіп, дәстүрлі құндылықтарды қорғау мен әйелдердің құқықтарын күшейтуге басымдық беріледі.

Конституция жобасындағы маңызды жаңалықтардың бірі – 145 депутаттан тұратын бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылуы. Депутаттар пропорционалды сайлау жүйесімен 5 жыл мерзімге сайланады. Бұл партиялардың жауапкершілігін арттырып, саяси жүйенің дамуына серпін береді.

Сондай-ақ, жаңа жалпыұлттық диалог алаңы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады. Ол Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық қызметін жалғастырып, халықтың мүддесін білдіретін кеңесші орган болады.

Жоба аясында вице-президент институтын енгізу, адвокаттық қызметке арналған жеке бап бекіту, зияткерлік меншік құқығын қорғау, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін күшейту көзделген. Оның ішінде кінәсіздік презумпциясы, «Миранда ережесі», бір құқық бұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға тыйым салу секілді маңызды нормалар бар.

Қоғамдық талқылау барысында өмір сүру құқығының мызғымастығы, жеке өмірге қол сұқпаушылық, дербес деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік мәселелері кең қолдау тапты. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарына қос азаматтыққа жол берілмейтіні де нақты көрсетілген.

Жаңа Конституцияда ескірген терминдер жаңартылып, құқықтық тіл заман талабына сай жетілдірілуде. Бұл құжат еліміздің қалыптасқан мемлекеттік жүйесін сақтай отырып, Қазақстанның болашаққа нық қадам басуын көздейді.

Жалпы, Конституцияның жаңа жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап қарастырылған. Ұсыныстарды e-Otinish және eGov порталдары арқылы қабылдау жалғасуда. Ал жаңа Ата заңның түпкілікті тағдырын ел азаматтары жалпыұлттық референдумда шешеді.

Айгүл МАМЫТ.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Ата заң: қоғам мен мемлекеттің ортақ таңдауы

Жаңа Ата заң: қоғам мен мемлекеттің ортақ таңдауы

31.01.2026
«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

30.01.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

30.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған