Тұран ауданына қарасты Гагарин және Республика көшелерінің қиылысында көлік қозғалысының қарқындылығы жоғары болғандықтан, жиі орын алатын кептелістерді азайту мақсатында қосымша жол (кармашка) салынды. Жаңа жол жолағы көлік ағымын тиімді бөліп, қиылыстағы қозғалыстың жеңілдеуіне мүмкіндік береді.
Жоба аясында жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына ерекше назар аударылды. Аяқ жолдар жаңартылып, тұрғындардың қалыпты әрі қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды.
Қосымша жол бүгінде толық пайдалануға беріліп, ауданның жол инфрақұрылымын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты. Қаладағы көлік және жаяу жүргінші қозғалысын оңтайландыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.




