• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 5 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

AGRITECH: ЖАҢА СЕРІКТЕСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

14.11.2025
in Без рубрики
AGRITECH: ЖАҢА СЕРІКТЕСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Шымкентте ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі AGRITECH TURKESTAN&GROWTECH SHYMKENT-2025 көрмесі өтті. Бастама Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында атап өтілген ауыл шаруашылығын әртараптандыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі міндеттерді орындау мақсатында ұйымдастырылған. Көрменің ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысып, іс-шараның стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Оқи отырыңыз...

Бизнестің ұсыныстары «Әділет» партиясы өнеркәсіптік саясатының өзегіне айналады

Бизнестің ұсыныстары «Әділет» партиясы өнеркәсіптік саясатының өзегіне айналады

03.07.2026
Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

Встреча с неправительственными организациями «От новой Конституции Казахстана к конкретному шагу: социальное единство и правопорядок в эпоху реформ»

01.07.2026
Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

01.07.2026

Қаламызда екі ірі шетелдік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі түрік инвесторы «Алсерра KZ» компаниясының жылыжай кешені. Жалпы құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жоба 500 гектар аумақта салынып жатыр. Бүгінде 40 гектары дайын, ай соңында алғашқы өнім алу жоспарлануда. Екінші жоба – польшалық «Фабре Агро» компаниясына тиесілі 144 гектар аумақтағы жылыжай кешенінің құрылысы. Осындай ауқымды халықаралық көрменің дәл Шымкент қаласында өтуі заңды құбылыс. Бұл көрме жаңа серіктестіктерге жол ашып, өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырады деп сенеміз — деді ол.

Биылғы іс-шараға Түркия, Нидерланд Корольдігі, Қытай, Ресей, Өзбекстан және өзге де елдерден 80-нен астам жетекші компания қатысуда. Анталия сауда-өнеркәсіп палатасы мен оның құрамындағы 30-дан аса түрік компаниясының делегациясы арнайы келді.

Көрме аясындағы «Шаруа–2025» семинар-конференциясында агросекторды дамыту, фермерлерді қолдау, су ресурстарын тиімді пайдалану, экспорттық әлеуетті арттыру және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Халықаралық көрмеге қатысқан шетелдік және отандық компаниялар заманауи агрохимиялық өнімдерін, тыңайтқыш түрлерін және өсімдіктерді қорғау технологияларын ұсынды. Көрме алаңы агробизнесте тәжірибе алмасу мен жаңа әріптестіктер орнатудың маңызды орталығына айналды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды

В НАЦИОНАЛЬНЫЙ ДЕНЬ ДОМБРЫ ШЫМКЕНТ ОКУТАЛИ ПРЕКРАСНЫЕ МЕЛОДИИ

05.07.2026
Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды

Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды

05.07.2026
ДОМБЫРА ҮНІ ШЫМКЕНТТІ ТЕРБЕДІ

ЗВУКИ ДОМБРЫ ЗВУЧАЛИ В СЕРДЦЕ ШЫМКЕНТА

05.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған