• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 13 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда

13.11.2025
in Без рубрики
«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда

Бүгін Шымкент қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара қаланың барлық аудандарында – Абай, Әл-Фараби, Еңбекші Қаратау және Тұран аумақтарында өтті. Бұл жолғы іс-шаралар «Таза бейсенбі» акциясы аясында ұйымдастырылып, оған мыңдаған тұрғындар мен қоғамдық ұйым өкілдері, коммуналдық қызмет қызметкерлері, партия мүшелері мен жастар белсене қатысты. Қала тұрғындары өз көшелерін, аулаларын және қоғамдық аймақтарды тазалауға жұмыла кірісіп, ортақ іске үлес қосты.
Мұндай кең көлемдегі іс-шаралар тек экологиялық нәтиже беріп қана қоймай, қоғамда өзара ынтымақ пен ортақ жауапкершілік сезімін де нығайта түсуде.
Әл-Фараби ауданында сенбілік өткізу игі дәстүрге айналған. Мұнда тазалық жұмыстары апта сайын тұрақты түрде жүргізіледі. Бүгінгі шара Сәуле шағын ауданында өтті. Тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдері көпқабатты үйлер мен жеке сектор аумақтарындағы қоқыстарды жинап, көшелерді ретке келтірді.
Аудан әкім аппаратының бөлім басшысы Берік Жанаевтың айтуынша, жыл басынан бері аудан аумағында елуге жуық сенбілік өткізілген.
– Тұрғындар тарапынан қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Біз қыс мезгілінде қар тазалау, көктем мен күзде тал егу және қоқыс шығару жұмыстарын үзбей жүргіземіз. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында үгіт-насихат шараларын тұрақты түрде атқарып келеміз, – деді ол.
Сонымен қатар, аудан аумағында соңғы уақытта 400-ге жуық ағаш отырғызылған. Бұл жұмыстар тұрғындардың өтініштері негізінде жүзеге асырылуда.
Еңбекші ауданындағы сенбілік Жібек Жолы көшесіндегі №54 көпқабатты үй ауласында өтті. Іс-шараға AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері қатысып, тұрғындармен бірге аула мен көше бойындағы тұрмыстық қалдықтарды жинады, қураған шөптер мен бұтақтарды шауып, ағаштардың түбін әктеді.
Еңбекші ауданы әкім аппаратының өкілі Жақсылық Атаев мұндай сенбіліктердің қоғам үшін маңызын атап өтті:
– Күнделікті өмірде тазалық сақтау – азаматтардың туған жерге деген жанашырлығының нақты көрінісі. Егер әр адам өз ауласын таза ұстаса, бүкіл қала көркейеді. «Таза бейсенбі» акциясы осы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған, – деді ол.
Қаладағы жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан Тұран ауданында өткен сенбілік ерекше сипатқа ие болды. Мұндағы іс-шарада аудан жастары мен ардагерлер ерекше белсенділік танытып, тұрғындармен бірге аумақты тазалады.
Тұран ауданы әкімдігінің бөлімі басшысы Дариха Раманова мұндай шаралардың мақсаты тек аумақты тазалау емес, тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру екенін айтты.
– Біз жастардың үлкендерден үлгі алып, тазалыққа мән беруін қалаймыз. Қала тазалығы – бәріміздің ортақ борышымыз, – деді ол.
Сенбілік барысында жапырақтар жиналып, арықтар мен ирригациялық жүйелер тазартылды, ағаштар мен бұталарға санитарлық күтім жасалды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Әділбекұлы да жастармен бірге қолына күрек пен сыпырғыш алып, белсенділік танытты. Оның айтуынша, қала тазалығы – ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтудың бір көрінісі.
Сондай-ақ, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілдері де акцияға белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Қала жастары Әл-Фараби ауданы аумағында «TazaShym», акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинауға атсалысты.
Сонымен қатар, қаланың барлық білім беру ұйымдарында экологиялық тәрбиеге бағытталған сынып сағаттары мен арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, арнайы орындарға тастау қажеттілігі түсіндірілді.
Атап айтқанда, №59 жалпы орта мектепте экологиялық тақырыптағы ашық сабақтар өткізілді. Оқушылар экология мәселелеріне арналған түрлі іс-шараларға белсенді қатысып, «Таза қала» атты дәрістер барысында табиғатты аялаудың маңыздылығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігі туралы мол мағлұмат алды.
«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы тек экологиялық шара ғана емес, азаматтардың санасы мен өмір салтын өзгертуді көздейтін ұзақ мерзімді бастама болып табылады.
Бүгінде мегаполис бұл бағытта елге үлгі боларлық нәтижелер көрсетіп отыр. Тазалық шараларының нәтижесінде тұрғындар арасында табиғатты қорғауға деген көзқарас өзгеріп, «таза орта – сапалы өмір» қағидасы қалыптасуда.
Өз кезегінде қала әкімдігі тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға, қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға және қаланың көркеюіне үлес қосуға шақырады.
Бүгін өткен ауқымды сенбіліктер нәтижесінде Шымкенттің барлық аудандарында көшелер мен аулалар, қоғамдық аймақтар мен демалыс орындары ретке келтірілді. Қаланың экологиялық ахуалына оң әсер еткен бұл шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Оқи отырыңыз...

«Таза Қазақстан»: жители Шымкента вносят вклад в улучшение экологического облика города

«Таза Қазақстан»: жители Шымкента вносят вклад в улучшение экологического облика города

13.11.2025

11.11.2025
КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: жители Шымкента вносят вклад в улучшение экологического облика города

«Таза Қазақстан»: жители Шымкента вносят вклад в улучшение экологического облика города

13.11.2025
«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда

«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда

13.11.2025

Бір ауыл – бір өнім

13.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған