• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды жүргізілуде

01.11.2025
in Без рубрики
Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Жеңіс Жауғаштыұлы Садырханов Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы инженерлік және коммуналдық мәселелердің шешілу барысын бақылап, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімдігі өкілдері халықпен ашық пікір алмасып, өзекті мәселелердің шешу жолдарын талқылады.

Оқи отырыңыз...

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

10.02.2026
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

05.02.2026
«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

05.02.2026

Тұрғындардың басты сауалының бірі — табиғи газ жүйесіне қосылу мәселесі болды. Қайнарбұлақ елді мекенінде газ желісін тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, газдандыру процесінің тәртібі мен мерзімдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындарды заңды келісімшарт арқылы қосылуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бұдан бөлек, Жеңіс Жауғаштыұлы Қайнарбұлақ тұрғын алабы аумағындағы асфальт төсеу жұмыстарының барысын аралап көрді. Аралау кезінде ол құрылыс сапасына ерекше назар аударып, мердігер ұйымдардың жұмысын бағалады. Асфальт төселіп жатқан көшелердің сапалық талаптарға сай болуы, жол жиегінің тегіс түсуі және су ағу жүйесінің дұрыс орнатылуы – басты бақылауда екенін атап өтті.

Аудан әкімінің орынбасары мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, жұмыс сапасын күшейту мен белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін қадап айтты. Сонымен қатар, құрылыс барысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жиегіндегі шаң-тозаңды азайту және абаттандыру жұмыстарын қатар жүргізу туралы ескертті.

Қайнарбұлақ тұрғын алабы – Абай ауданының қарқынды дамып келе жатқан аумақтарының бірі. Мұнда соңғы жылдары инженерлік инфрақұрылым, жол және әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүріп жатыр. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында аумақ кезең-кезеңімен жарықтандырылып, көше жолдары асфальтталып, қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан тұрғындармен кері байланыс жүйесі күшейтілуде. Әлеуметтік желілер мен қабылдау алаңдары арқылы келіп түскен өтініштерге жедел әрекет ету, жауапты мекемелердің жұмысын үйлестіру және әрбір мәселенің нақты шешімін табу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Абай ауданы әкімдігі тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың ұсыныс-пікірлерін назарға ала отырып, қала экожүйесін жақсарту және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

17.02.2026
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16.02.2026

Шымкент – индустриальный драйвер юга и центр развития предпринимательства

16.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған