• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 15 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Қазығұртта жаңа ауыз су жүйесі іске қосылды

24.10.2025
in Без рубрики
Қазығұртта жаңа ауыз су жүйесі іске қосылды

Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия ауылдық округінің Атажұрт ауылында Республика күні мерекесі қарсаңында, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында маңызды әлеуметтік нысан — жаңа орталықтандырылған ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.

Оқи отырыңыз...

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

14.11.2025

Бұл жоба — елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту жөніндегі мемлекеттік саясаттың, сондай-ақ әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы нақты қадамның нәтижесі. Ең басты ерекшелігі – нысанның құрылысы мемлекет меншігіне прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған. Бұл өз кезегінде ел игілігіне бағытталған әділетті шешімдердің өмірде нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудан прокуроры Руслан Абдраимов, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында сөз сөйлеген аудан әкімі мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға, ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жүйелі түрде жүріп жатқанын атап өтті.

– Бүгінгі жаңа су жүйесінің іске қосылуы – ауыл халқы үшін зор қуаныш. Бұл – елдің сенімін ақтауға бағытталған нақты іс. Прокуратура органдарының бастамасымен мемлекетке қайтарылған активтердің халық игілігіне пайдаланылуы – заң үстемдігінің айқын көрінісі. Ендігі міндет – осы жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және әрбір үйге таза ауыз су жеткізу, – деді аудан әкімі Азизхан Исмаилов.

Орталықтандырылған су жүйесі іске қосылғаннан кейін Атажұрт ауылындағы 1000-нан астам тұрғын таза әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да айтарлықтай серпін береді. Себебі таза су – халық денсаулығының, ауыл шаруашылығының және тұрмыс тіршілігінің негізгі тірегі.

Жаңа нысанның құрылысы қазіргі заман талаптарына сай жүргізілді. Су көздері санитарлық нормаларға сәйкес зерттеліп, сүзгілеу және тарату жүйелері орнатылған. Алдағы уақытта ауыл әкімдігі мен коммуналдық мекемелер ауыз су жүйесін тиімді пайдалану мен күтіп ұстау мәселесіне тұрақты бақылау жүргізбек.

Прокуратура өкілдері атап өткендей, бұл жоба – заңмен қайтарылған активтердің ел игілігіне қызмет етуінің жарқын мысалы. Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы әділдік қағидатын нақты іспен дәлелдеуде. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады, қайтарылған қаражаттар әлеуметтік маңызы жоғары нысандардың құрылысына және өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталмақ.

Өз кезегінде ауыл ақсақалдары мен тұрғындары билік өкілдеріне ризашылықтарын білдіріп, ауылдың болашағы жарқын боларына сенім білдірді. Олар бұл игі істі мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен жауапкершіліктің көрінісі деп бағалады.

Атажұрттағы жаңа ауыз су жүйесі – елді мекендерді дамыту, тұрғындарға қолайлы өмір жағдайын жасау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижесі. Бұл бастама Қазығұрт ауданының, жалпы Түркістан облысының әлеуметтік жаңғыру жолындағы маңызды қадамдарының бірі болып саналады.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған