• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 24 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте үздік ұстаздар ұлықталды

03.10.2025
in Қоғам
В Шымкенте чествовали учителей

Бүгін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті. Ел болашағын тәрбиелеу жолында аянбай қызмет етіп жүрген педагогтарға құрмет көрсетуге арналған бұл мерекелік іс-шара ұстаздар қауымының мәртебесін айшықтап, олардың еңбегіне деген шынайы ризашылықтың көрінісіне айналды.

Оқи отырыңыз...

НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНА ТІКЕЛЕЙ КІРЕТІН ЖАҢА ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНА ТІКЕЛЕЙ КІРЕТІН ЖАҢА ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

02.12.2025
SMART SHYMKENT 2025: Іске асырылатын негізгі жобалар

SMART SHYMKENT 2025: Іске асырылатын негізгі жобалар

02.12.2025
ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.11.2025

Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, аудан әкімдері, басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жетекшілері, ардагер ұстаздар мен 2000-нан астам педагог қатысты. Зал толы тағзым мен алғысқа лайық жандардың жүзінен қуаныш пен толқу қатар сезілді.

Мерекеде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік наградалары табысталды. Шымкент қаласының төрт ұстазы «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін иеленсе, сондай-ақ бірқатар мұғалімдер «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Әр марапат – жылдар бойғы маңдай тер мен адал қызметтің жемісі.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өз сөзінде ұстаздық мамандықтың қоғамдағы орны мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, ұстаздық жай ғана мамандық емес, бұл — ұлы миссия. Өйткені, адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қалады. Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы. Ол — адам өміріндегі ең қадірлі тұлға. Сіздер жас ұрпақты білімді, парасатты, Отаншыл әрі адал азамат етіп тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек етіп келесіздер. Мұғалім мемлекеттің ең басты байлығы – адами капиталды қалыптастырады. Сондықтан ұстаздың мәртебесін көтеру – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Қазір мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіби біліктілігін арттыруға арналған нақты қадамдар жасалып жатыр. Бұл бағытта Шымкент қаласында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде қаламызда 32 мыңнан аса педагог еңбек етеді. Олардың кәсіби шеберлігі мен ерен еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағалануда. Биыл Шымкентте төрт ұстаздың «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болуы – мұғалім мамандығының беделін арттырып, кейінгі буынға үлгі болатыны сөзсіз, – деді қала әкімі.

Салтанатты жиын әсерлі концерттік бағдарламаға ұласты. Ән мен күй, жүрекке жылы жолданған лебіздер мен құттықтаулар ұстаздарға деген халықтың құрметін айқын сездірді. Бұл күн – педагогтер үшін қуаныш қана емес, еңбектің еленуі мен болашаққа деген сенімді нығайтатын ерекше сәт болды.

Жиын жас ұрпаққа ұстазды құрметтеу – ұлттық тәрбиенің алтын арқауы екенін ұғындырды. Шымкент ұстаздарына көрсетілген ықылас – олардың ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесіне деген алғыстың белгісі, қоғамның рухани тірегіне берілген адал бағасы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН ДАМИДЫ

ШЫМКЕНТ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН ДАМИДЫ

24.12.2025
ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ДӘЙЕКТІ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ

ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ДӘЙЕКТІ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ

23.12.2025

Шымкент қаласы әкімінің кәсіпкерлермен дәстүрлі кездесуі өтті

21.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған