• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 30 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы – қоғамға қауіпті әрекет

30.09.2025
in Құқық-заң
Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы – қоғамға қауіпті әрекет

Бүгінгі таңда жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың өмірі мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Жол-көлік апаттарының басым бөлігі жүргізушілердің жауапсыздығы мен заңды талаптарды елемеуі салдарынан орын алатыны белгілі. Соның ішінде көлік құралын ешқандай құжаты жоқ немесе басқару құқығы берілмеген адамның жүргізуі – заңға қайшы әрі қоғамға елеулі қауіп төндіретін әрекет.

Оқи отырыңыз...

  Сот отырысы хатшысының рөлі

26.09.2025
Медиация мақсаты – бітімгершілік

Медиация мақсаты – бітімгершілік

26.09.2025
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ

23.09.2025

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша, көлік құралын басқару құқығы тек тиісті оқу курстарынан өтіп, емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алған адамдарға ғана беріледі. Бұл талап – формалдылық емес, адамның жолдағы қауіпсіздік ережелерін толық меңгергенін, көлік жүргізуге қажетті білім мен дағдылары бар екенін дәлелдейтін құқықтық норма. Ал бұл құжатсыз көлік жүргізу – тек өз өмірін ғана емес, өзгелердің де өмірін қатерге тігу деген сөз.

Сот тәжірибесінде көлік жүргізу құқығы жоқ адамның заңсыз әрекеті түрлі қайғылы жағдайларға себеп болған мысалдар аз емес. Кейбір азаматтар әкімшілік айыппұлдан қашып құтылуға болады деп ойлайды. Бірақ мұндай әрекет үшін заңда қатаң жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті баптарына сәйкес, басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын жүргізуі – айыппұл немесе әкімшілік қамау түріндегі жазаға әкеп соғады. Егер мұндай құқық бұзушылық мас күйінде жасалса, жаза тіпті күшейтіледі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде 612 баптың 2 бөлігінде мұндай заңбұзушылықтарға нақты жауапкершілік қарастырылған.

Біріншіден, егер жүргізушінің өзімен бірге жеке куәлігі немесе көлікке қажетті өзге де құжаттары болмаса, ол ескерту алуы мүмкін немесе 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

Екіншіден, көлік жүргізу құқығы жоқ адамның автокөлік басқаруы немесе тиісті санаты жоқ куәлікпен көлік жүргізуі 20 АЕК айыппұл төлеуге әкеп соғады.

Үшіншіден, жүргізу құқығынан сот шешімімен айырылған адамның көлік тізгіндеуі – 50 АЕК айыппұл салуға немесе он тәулікке әкімшілік қамаққа алынуына негіз болады. Егер мұндай әрекет бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі 70 АЕК-ке дейін өсіп, 15 тәулікке қамақ жазасы қолданылады.

Төртіншіден, көлік басқару құқығы жоқ немесе жүргізу құқығынан айырылған адамға автокөлікті беріп қою да заң бойынша қатаң жазаланады. Мұндай жағдайда көлік иесіне 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер әрекет қайталанса – айыппұл мөлшері 70 АЕК-ке дейін ұлғаяды.

Бұл мәселенің тағы бір қыры бар – құжаты жоқ адамның жүргізген көлігі жол-көлік оқиғасына себеп болса, ол тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Өйткені салдарынан адам өміріне, денсаулығына зиян келуі немесе ірі материалдық шығын туындауы ықтимал.

Бүгінде жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жылдамдықты асырудан, ережені сақтамаудан және жүргізушілердің жауапсыздығынан туындап отыр. Куәліксіз көлік жүргізу де осы қатерлі факторлардың бірі.

Сондықтан әрбір азаматқа айтарымыз:

Жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырмаңыз;

Өз көлігіңізді құжаты жоқ адамға бермеңіз;

Жолдағы жауапкершіліктің тек өзіңізге ғана емес, өзгелердің өміріне де әсер ететінін ұмытпаңыз.

Сондай ақ, ескеретін жәйт, көлік жүргізу – үлкен жауапкершілік. Әрбір жүргізуші жолға шыққанда тек өз өмірін ғана емес, айналасындағы жаяу жүргіншілер мен өзге де жүргізушілердің қауіпсіздігін ойлауы тиіс. Құжатсыз көлік жүргізу – тәртіпке бағынбау ғана емес, қоғам алдындағы борышты аяқ асты ету екенін естен шығармайық.

С.АЯПОВ,

Түркістан облысы,

Арыс аудандық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы – қоғамға қауіпті әрекет

Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы – қоғамға қауіпті әрекет

30.09.2025
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

30.09.2025
ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

29.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған