• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 27 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ «ТЭЦ-3 ЭНЕРГООРТАЛЫҚТА» ЕҢБЕК МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

27.09.2025
in Қоғам
ШЫМКЕНТТЕГІ «ТЭЦ-3 ЭНЕРГООРТАЛЫҚТА» ЕҢБЕК МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында Еңбек күні мерекесіне орай «ТЭЦ-3 Энергоорталық» кәсіпорнында іс-шара өтті.
Бұл күн – қарапайым еңбек адамының қадірін ардақтап, тынымсыз еңбегі арқылы қаланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетуге арналған. Іс-шара барысында өндірістің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында кәсіпорын цехтары мен бөлімдеріне экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар ұжымның күнделікті жұмысы мен еңбек мәдениеті жайында жан-жақты мағлұмат алды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева құттықтау сөз сөйлеп, мереке иелеріне жылы лебізін жеткізді.
Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, кәсіпорын басшылығы мен мамандары, зауыт жұмысшылары және осы мекеменің ардагері, қалалық ҚХА жанындағы түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Қыдырәлі Насибов та қатысты. Қонақтарға өндіріс орнының тыныс-тіршілігі мен жұмыс барысын «3-Энергоорталық» АҚ Кәсіподақ ұйымының төрағасы, Химиялық цехтың бастығы Талғат Қалдыкөзов жан-жақты таныстырды.
Мерекелік жиында еңбек жолында адал қызмет атқарып, ұжымда абыройлы еңбек етіп жүрген үздік қызметкерлер марапатталып, оларға алғыс хаттар табысталды.
«Еңбек – елдің дамуы мен берекесінің негізгі тірегі. Бүгінгі мереке – қарапайым еңбек адамдарының қажырлы еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы орны мен мәртебесін айшықтайтын ерекше күн. Сіздердің әрбір табанды қадамдарыңыз қаламыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосып келеді. Ұжымдағы бірлік пен өзара сыйластық – ең үлкен байлық. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін», – деді Айгүл Әмзеева.
«ТЭЦ-3 Энергоорталық» ұжымы үшін Еңбек күні – бірлікті бекемдейтін, еңбектің қадірін дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күні әр қызметкер өз ісіне деген мақтаныш сезімін арттырып, жаңа жетістіктерге жетуге жігерленеді.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

АЭРОПОРТ ШЫМКЕНТА ПОЛУЧИЛ RA3-СЕРТИФИКАТ

27.09.2025
ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

27.09.2025
«ДАНАЛЫҚ КӨПІРІ» ЖАСТАР МЕН ҚОҒАМДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

«ДАНАЛЫҚ КӨПІРІ» ЖАСТАР МЕН ҚОҒАМДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

27.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

АЭРОПОРТ ШЫМКЕНТА ПОЛУЧИЛ RA3-СЕРТИФИКАТ

27.09.2025
ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

27.09.2025
«ДАНАЛЫҚ КӨПІРІ» ЖАСТАР МЕН ҚОҒАМДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

«ДАНАЛЫҚ КӨПІРІ» ЖАСТАР МЕН ҚОҒАМДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

27.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған