• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 15 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

АБАЙ АУДАНЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП, ӘЛЕУМЕТТІК САЛА НЫҒАЮДА

11.07.2025
in Без рубрики
АБАЙ АУДАНЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП, ӘЛЕУМЕТТІК САЛА НЫҒАЮДА

Шымкент қаласындағы халық тығыз шоғырланған ірі әкімшілік бірлік – Абай ауданы бүгінде қарқынды даму жолына түскен. Аудан халқының саны 300 мыңнан асып, күн санап артып келеді. Осыған орай инфрақұрылым мен әлеуметтік салаларды заманауи талаптарға сай жетілдіру – басты міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Қазіргі таңда бұл бағытта нақты жобалар қолға алынып, тұрғындар өміріне тікелей оң ықпалын тигізіп отыр.
Аудан әкімдігі халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында инженерлік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартуда. Ауыз су, табиғи газ, электр қуаты және кәріз жүйесі сынды негізгі коммуналдық желілерді жүргізу жұмыстары жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Жыл басынан бері бірнеше тұрғын алапта құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылып, жаңа инфрақұрылым желілері тартылды. Сонымен қатар, тұрғын үйлерге іргелес жатқан көшелерге асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылып, жүргіншілер жолдары жаңартылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да ауқымды істер жүзеге асуда. Атап айтқанда, көпқабатты үйлердің аулаларында балалар ойын алаңшалары мен спорттық құрылғылар орнатылып, бос кеңістіктер көгалдандырылуда. Аулаларды жарықтандыру, қоршауларды жаңарту, көгалды суару жүйелерін іске қосу жұмыстары жалғасуда. Мұның барлығы тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Экологиялық жағдайды жақсарту – басты назарда. Аудан аумағында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында кешенді шаралар қолға алынған. Жалпықалалық және аудандық сенбіліктер тұрақты өткізіліп, тұрғындардың қатысуымен көшелер, арықтар, көпшілік орындар тазартылуда. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, гүл егу және суару, қалдықтарды сұрыптау бойынша нақты жұмыстар ұйымдастырылған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жүйесі ретке келтіріліп, бейберекет қоқыс тастау деректеріне тосқауыл қойылуда.
Тазалық мәдениетін қалыптастыру мен экологиялық сананы арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде бейнероликтер, үндеулер, хабарландырулар мен экологиялық кеңестер жарияланып келеді. Тұрғындарды тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға жұмылдыру арқылы ұрпаққа экологиялық жауапкершілік дарыту көзделуде.
Әлеуметтік салада да айтарлықтай жетістіктер бар. Аудандағы мектептер мен балабақшаларда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім беру нысандары жаңа оқу жылына дайындалуда. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау, дәрігерлік кабинеттерді жаңарту, тұрғындарға алғашқы медициналық көмек қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Жалпы алғанда, Абай ауданында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар – қала халқының өмір сүру сапасын арттыруға, қауіпсіз, таза және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік саланың үйлесімді дамуы – ауданды жаңа белестерге бастайтыны анық.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

15.03.2026
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды

«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды

15.03.2026
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТУДЕ

15.03.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 101 ЖАСТАҒЫ АНАР ТЛЕШОВА РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 101 ЖАСТАҒЫ АНАР ТЛЕШОВА РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026
РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

15.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған