• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 11 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Түркістан облысында ел тарихында тұңғыш рет бір мезгілде 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілді. Бұл бастама мақта шаруашылығының дамуына тың серпін беруде.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

Түркістан облысы, Отырар ауданында «Мақта дақылын жаңа технологиямен егудің тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.

Облыс әкімдігі мен облыстық прокуратураның, Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Отырар, Арыс әкімдіктерінің, «Түркістан» ӘКК-нің ұйымдастыруымен өткен семинардың мақсаты – салада заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру, шаруаларға су үнемдеуді үйрету, тыңайтқыштарды тиімді пайдалануды түсіндіру, мақта өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны халықаралық талаптарға бейімдеу жолдарын талқылау.

Бағдарлама аясында қатысушылар «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС аумағында егілген мақта алқабымен танысты. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қажет тұқым, көшет, органикалық және минералды тыңайтқыштар, биоагенттер, агродрондар, гербицидтер мен пестицидтер сатушылардың көрмесі ұйымдастырылды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, семинар-кеңесті ашып берді.

– Халықтың әл-ауқатының жоғары болуы – агроөнеркәсіптік кешенінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл ретте су үнемдеу технологияларын енгізу маңызды. Мемлекет басшысы аграрлық салаға ерекше көңіл бөліп, инновациялық амал-тәсілдерді енгізуді тапсырды. Облыста ауыл шаруашылығында жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаржының өнімі өндіріліп, республикада жетекші орында. Өңірде 90 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді. Бұл республикалық көрсеткіштің 31 пайызын құрайды. Осы орайда, 1 млн ауыл тұрғынының әлеуметтік жағдайы ауыл шаруашылығына тікелей қатысты. Қазіргі таңда әлемдік мәселелердің бірі – су тапшылығы. Өңірде су үнемдеу технологияларына кешенді көшу арқылы мәселені шешу қарқын алған. Биыл 27 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып, биыл 59 мың гектар алқапқа енгізіледі. 2030 жылға дейін осы әдіспен суармалы жердің 50 пайызы қамтылады. Қолжетімділікті арттыру үшін жылдық қуаттылығы 113 мың гектарды қамтитын жергілікті 4 кәсіпорын іске қосылды. Нәтижесінде мақта дақылынан дәстүрлі әдіспен орташа гектарына 25 центнерден өнім алынса, жаңа технология есебінен өнімділік 3 есеге дейін немесе гектарына 60 центнерден өнім алуға қол жеткізіліп отыр. Жұмыстар жалғасады. Агроқұрылымдарды жан-жақты қолдауға және мәселелерді бірлесе шешуге әзірміз. Бүгінгі семинар шаруаларға серпіліс пен мол мағлұматтар береді деп сенеміз, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Жиынға ғалымдар, құқық қорғау органдары өкілдері, ғалымдар, жауапты басқармалар мен бөлімдердің басшылары, аудан, қала және ауылдық округтері әкімдері, агроқұрылым жетекшілері, кәсіпкерлер, мақта өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының иелері арнайы шақырылды. Семинар-кеңеске облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков модераторлық етіп жүргізді. Семинар-кеңесте спикерлер тақырып аясында бірқатар бағыттарға тоқталып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев «Мемлекет басшысының инвестицияларды қорғауды қамтамасыз ету бойынша берілген тапсырмасының орындалу барысы», «Түркістан мақта агронөнеркәсіп кешені» ЖШС Бас директоры Янь Цивэнь «Түркістан облысындағы жоғары санатты мақта егу базасын салу және пайдалану жолдары», «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС басшысы Амандық Қостақов «Бәсекеге қабілетті отандық мақта сортын өсіру», «Таймас 2024» ЖШС басшысы Болат Құрақбаев «Отырар ауданында мақта дақылын егудегі іс жүзінде тәжірибесімен бөлісу», «БНК АГРО» ЖШС директоры Ниязәлі Бейсенбаев «Су үнемдеу технологияларын ендірудің тиімділіктері» тақырыбында сөз қозғады.

Айта кетейік, бүгінде аймақта «BNK Group LTD» ЖШС-нің жылына 1000 дана (50 мың га) жаңбырлатып суғару машиналарын шығаратын зауыты және «14,0 мың га тамшылатып суғару өндірісі» кәсіпорны, жылына 9,0 мың га тамшылатып суғару жүйесін шығаратын «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің кәсіпорны, жылына 40 000 га тамшылатып суғару желісін өндіретін «XINJANG IRRIGATION» компаниясының кәсіпорны жұмыс істеп тұр.

Түркістан облысында 2025-2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластерін құру көзделген. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық ірі жоба негізінде 4 мақта өңдеу мен толыққанды тоқыма кешені жүзеге асырылады. Атап айтқанда, егіс алқабынан бастап иіру өндірісі, мата шығару мен бояу, өңдеу және дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. 32 000 гектарға жуық алқапта заманауи су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақта өсіріліп жатыр. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

10.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған