• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 27 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КЕНТАУДА МОДУЛЬДІ КАПСУЛАЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

27.06.2025
in Басты ақпарат
КЕНТАУДА МОДУЛЬДІ КАПСУЛАЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

Кентау қаласында 2025 жылы жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 492 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Оның ішінде, өнеркәсіп саласында 4 ірі жоба жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Бұл жайында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

27.06.2025
Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

27.06.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025

«Биыл ашылатын төрт ірі жобамыздың екеуі арнайы экономикалық аймақта, қалған екеуі индустриалды аймақта орналасқан. Атап айтар болсақ, «KentauRedStar»ЖШС-і – кірпіш өндірісімен айналысады. 2023 жылы құрылысы басталған нысанның жоба құны — 1,5 млрд теңге. Биыл мамыр айында іске қосылған зауытта 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны жылына 45 млн дана кірпіш өндіруге қауқарлы. Бұдан бөлек, «TURAN SHENHUA» ЖШС-і газ қазандықтарын және тұрмыстық техникалаларды өндіруді қолға алмақ. 2025 жылдың қараша айында жұмысын бастайды деп жоспарланған өндіріс орнында 120 адамға жұмыс табылмақ. Жоба құны – 2,4 млрд теңге. Сондай-ақ, биыл аяқталуы тиіс жобалар қатарында металл бұйымдарын өндіруге бағытталған «АйдарСтройГрупп» ЖШС-і және «Сапар Құрылыс-С» ЖК металл өндірісі цехы бар»- деді спикер.

Жалпы шаһарда 2025 жылдың 5 айында өңірлік өнім көлемі 33,1 млрд теңгені құраса, негізгі капиталға 5,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі 23,6 млрд теңгеге жетіп, облыста 4-орынға жайғасты. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде 20,1 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, ауылшаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2,1 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, қалаға қарасты аумақтарға туристерді тарту жұмыстары да қарқынды. Жыл басынан бері өңірге келушілер саны 16,6%-ға артқан. Бұл көрсеткішті жақсарта түсу мақсатында Хантағы ауылында 13 га жерге 15 заманауи модульді капсулалармен жабдықталған «KHANTAU» демалыс аймағын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жобаның құны 400 млн теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ, «Қаратау» қорығы аумағынан визит-орталығын салу көзделуде. Жалпы аумағы 300 шаршы метр аумақты алатын нысан 100 000 келушіні күтуге қауқарлы.

Сонымен қатар, өңірдегі құрылыс саласында да жаңалықтар жетерлік. 2025 жылдың шілде айында 5 қабатты 60 пәтерлі әлеуметтік-несиелік тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, шаһардағы 288 көпқабатты тұрғын үй қазіргі таңда толықтай жаңартылған. Өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы бүгінгі таңдағы өңірдің газмен қамтылу көрсеткіші 85%-ға жеткен. Ал, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100% ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, қала көшелерінің жарықтандырылуы 98%-ды құраса, өңірдегі қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 87,7%-ға жетіп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА БИЫЛ 60 ГЕКТАР АУМАҚҚА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА БИЫЛ 60 ГЕКТАР АУМАҚҚА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

27.06.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

27.06.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРГЛІКТІ БЮДЖЕТІНЕ 114,3 МЛРД ТЕҢГЕ ТҮСІМ ТҮСІП, ЖОСПАР 114,7%-ҒА ОРЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРГЛІКТІ БЮДЖЕТІНЕ 114,3 МЛРД ТЕҢГЕ ТҮСІМ ТҮСІП, ЖОСПАР 114,7%-ҒА ОРЫНДАЛДЫ

27.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған