• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 23 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ФОРУМ ӨТТІ

23.06.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, колледж түлектеріне арналған «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты форум өтті. Ауқымды іс-шара аясында облыс жастарына арналған кәсіптік бағдар беру кездесулері ұйымдастырылып, өңір мен республика көлеміндегі ірі кәсіпорындардың қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы:

⚡️Мемлекет басшысы:

23.06.2025
Мемлекет басшысы:

⚡️Касым-Жомарт Токаев:

23.06.2025
Мемлекет басшысы:

Мемлекет басшысы:

23.06.2025

 

Маңызды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жұмысшы мамандықтардың беделін көтерудің маңыздылығына тоқталды:

 

– Бұл – жай жиын емес, еңбек адамына деген құрмет. Бүгінгі форумның басты идеясы – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру. Бұл – жастар мен жұмыс берушілер арасындағы маңызды алаң. Осы ретте жас мамандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Түркістан облысы – еңбекқор жандар мекені. Халқымыздың саны 2 миллионнан асты, соның 660 мыңға жуығы – жастар. Биыл 12 мыңдай колледж түлегі маман атанып, еңбек жолына қадам басты. Олар 50 колледжде 75 түрлі мамандық бойынша білім алды. Бүгінде колледждер 700-ге жуық кәсіпорынмен әріптестік орнатып отыр. Бұл – бизнес пен білімнің бірлескен жетістігі, – деді облыс әкімі.

 

Іс-шараны Түркістан облыстық білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды.

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтар жылының өткізілуіне қатысты бастамасын қолдайды. Бұл – жұмысшы мамандықтарының экономиканы дамыту мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі негізгі рөлін мойындаудың нақты көрінісі.

 

Осыған байланысты Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев форум аясында былай деді:

 

– Бүгінгі форум – жас мамандар мен жұмыс берушілерді жақындастыратын нақты алаң. Бизнес өкілдері өңір жастарына сенім артып, олардың кәсіби дамуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл – болашақ кадрлық әлеуетті қалыптастыруға жасалған инвестиция. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы колледждермен және кәсіпорындармен тығыз әріптестік орнатып келеді. Біз үшін білікті кадр – өндірістің қозғаушы күші. Сондықтан жұмысшы мамандықтарға деген сұранысты арттырып, жастарға жол ашу – ортақ міндетіміз, – деді Асылан Ибадуллаев.

 

Іс-шара аясында колледждер мен кәсіпорындар арасында, сондай-ақ «Еңбек мобильділігі орталығы» қатысуымен үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Түркістан облысы бойынша 40-тан астам жұмыс беруші 1 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Форум аясында түлектерге әлеуметтік әріптестер тарапынан жұмысқа орналасу сертификаттары табысталды.

 

Кәсіпорындар өз жұмыстары жайлы кеңінен таныстырып, мамандығы мен тәжірибесі жоқ азаматтарға да лайықты жұмыс түрін таңдауға мүмкіндік жасалды. Жұмыс орындарын ұсынғандар қатарында:

• «Kazakhstan Lihua» ЖШС – 300 орын

• «Идеал Туркестан» ЖШС – 55 орын

• «PSI Mineral Technologies» ЖШС – 150 орын

• «Altyn Land» ЖШС – 85 орын

• «Kaz Eco Meat» ЖШС – 90 орын

• «Kuzov Karabulak» ЖШС – 440 орын

Сондай-ақ, «Silk Way International», «QazEcoPack», «A.B.L Fitness and Spa», «Baspolymer», «Er-Qan Group», «High School Zhetisay», «KazatomProm-SaUran», «УРАНҚУАТ» секілді кәсіпорындар да белсенді қатысты.

 

Ұсынылған бос жұмыс орындарының 75%-ы немесе 1 163-і – өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалармен байланысты, 162-сі – ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Жәрмеңкеде 2 000-нан астам жұмыс іздеушіге инженер, аудармашы, есепші, заңгер, механик, электрик, дәнекерлеуші, оператор, технолог, аспаз, тігінші, IT-маман сынды 100-ден астам мамандық ұсынылды.

 

Сондай-ақ, Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті азаматтарға арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Тәуекел» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілері көшуге ниетті тұрғындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы айтып берді.

 

Айта кетейік, Түркістан облысында 10 мыңнан астам студент нақты өндіріс орындарында тәжірибеден өтіп жатыр. 2024 жылғы түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 75%-ға жетті. Жылдың алғашқы бес айында өңірде 43 378 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 20 мыңнан астамы – жұмысшы мамандық иелері. Ұлттық жобалар аясында 1 653 азамат жұмысқа орналасса, жеке инвестициялар есебінен 621 жаңа жұмыс орны құрылды. «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» жобасы аясында 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

🥇Яркие победы казахстанских спортсменов на прошлой неделе

🥇Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
🥇Яркие победы казахстанских спортсменов на прошлой неделе

🥇Яркие победы казахстанских спортсменов на прошлой неделе

23.06.2025
О приглашении присоединиться к Конвенции Совета Европы о взаимной правовой помощи по уголовным делам

О приглашении присоединиться к Конвенции Совета Европы о взаимной правовой помощи по уголовным делам

23.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған