• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 15 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025
in Басты ақпарат
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Үшінші мегаполисте «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік байқау-көрмесі мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрме-байқауы мәресіне жетті. Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастыруымен өткен байқауда үздік тауар өндірушілер іріктеліп алынды.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
Өмірлерді өзгертетін финал! Түркістан облысының ауыл оқушылары Алматыға IQanat Олимпиадасына аттанды

Өмірлерді өзгертетін финал! Түркістан облысының ауыл оқушылары Алматыға IQanat Олимпиадасына аттанды

13.06.2025

«Көрме» орталығында өткен ауқымды іс-шараға қаладағы азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясы және басқа да салалардағы 100-ден астам компания мен тауар өндірушілер қатысып, өз өнімдерін ұсынды.

«Шымкент қаласында экономикалық белсенділік артып, кәсіпкерлік жыл өткен сайын дамып келеді. Осыған орай көрме-байқауды өткізудегі мақсатымыз – жергілікті кәсіпкерлер туралы насихаттау, тұрғындарға олардың сапалы өнімдерін кеңінен таныстыру. Бұл байқауларға жалпы 100-ден астам кәсіпкерлік субъектісі қатысты. Олардың арасында ірі компаниялардан бастап орта және жеке кәсіпкерлер де бар. Тәуелсіз сарапшылардан құралған комиссия мүшелері осы тауар өндірушілердің арасынан үздіктерін іріктеп алып, олар республикалық байқауға қатысады. Сонымен қатар, «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылар да өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынып отыр. Осы 40-тан астам тауар өндірушінің арасынан үздік 10 жеке кәсіпкерді де комиссия мүшелері іріктеп алады», – дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Көрме-байқауды Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков, салалық басқармалардың басшылары да келіп, тамашалады. Қала әкімі кәсіпкерлермен тілдесіп, бизнесті қолдауға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанына тоқталды.

Айта кетейік, «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік байқауына Шымкент қаласындағы бұрыннан танымал отандық компаниялармен қоса кәсібін жаңадан бастаған тауар өндірушілер де қатысты. Олардың арасында азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық заттар, текстильден бастап медициналық өнімдер, жиһаздар мен өндірістік құрылғылар өндіретін «Сайрам-нан», «Фиркан», «Бал текстиль», «Экофарм», «Карлскрона» және басқа да компаниялар бар.

Осылайша байқау-көрмеде ірі компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де өздерін танытуға мүмкіндік алып, жергілікті тауар өндірушілер «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысып, үздік 10 тауар өндіруші анықталды.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында Кәсіпкерлер палатасы оқыту және консультациялық сүйемелдеу арқылы жергілікті өнімнің бірегей түрлерін шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз, олардың өз өнімдерінің сапасын арттыруына себепкер боламыз. Бұл жобаға қатысушылар жергілікті брендтерді қалыптастыруда нақты көмек алады, сонымен қоса ол кәсіпкерлерге республикалық және халықаралық нарыққа шығу үшін түрлі сүйемелдеу көрсетіледі», – деді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев.

Конкурсқа қатысушылар бағалаудың негізгі талаптары – өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі бойынша іріктелді.

Сонымен, тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, бизнес-қауымдастықтар, салалық қоғамдық бірлестіктер және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия үш номинация бойынша конкурс дипломанттарын таңдады. Олар:

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша – «Мир KDM тігін әлемі» ЖШС, «Sagitex» ЖШС және «Бал Текстиль» ЖШС;
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша – «QazAlPack» ЖШС, «Asia Trafo» ЖШС және «Karlskrona LC AB» ЖШС;
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша – «Алан и Компания» ЖШС, «Фиркан» ЖШС және «Сайрам нан» ЖШС.

Өңірлік байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталды. Бұл жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары – 2025» республикалық байқауына қатыса алады.

Көрме-байқау аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйланды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

15.06.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ: ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ: ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

14.06.2025
Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!

Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!

14.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған