• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 15 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Түркістанда Әкелер күніне орай облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті. «Достық» үйінде өткен маңызды басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілдері, жастар қатысты.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025
Өмірлерді өзгертетін финал! Түркістан облысының ауыл оқушылары Алматыға IQanat Олимпиадасына аттанды

Өмірлерді өзгертетін финал! Түркістан облысының ауыл оқушылары Алматыға IQanat Олимпиадасына аттанды

13.06.2025

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары қоғамда ерекше мәні бар мерекемен құттықтап, облыстық ардагерлер кеңесінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, бұл бастамалардың ел бірлігін нығайтудағы рөлін атап өтті.

– Түркістан облысында елге үлгі болар абзал әкелер, өнегелі азаматтар аз емес. Сіздер өздеріңіздің өмірлік тәжірибелеріңізбен, парасаттылықтарыңызбен, еңбектеріңізбен өңіріміздің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Осы орайда, облыстық ардагерлер кеңесінің қоғам өміріндегі белсенді рөлі мен жастарға берген тәлім-тәрбиесі үшін зор алғыс білдіреміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұрпақ тәрбиесін ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі мәселе деп атап өткен болатын. Осы бағытта біз бірлесе еңбек етуіміз керек. Әсіресе, жас ұрпақтың бойында патриотизмді, еңбекқорлықты, отбасылық жауапкершілікті қалыптастыруда әкелер институтының маңызы ерекше, – деді Ертай Кенжебкұлы.

Мәжілісте отбасындағы әкенің рөлін нығайту, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, отбасылық құндылықтарды сақтау және дамыту бағыты талқыланды. Аталған жиын әкелердің қоғамдағы, отбасындағы рөлін тану және оларды қолдау арқылы жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Жиын барысында отаншыл, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу бағытында келелі ойлар, ұсыныстар, пікірлер айтылды. Ел ағалары, ардагерлер, ғалымдар баяндама жасады. Облыстық ардагерлер кеңеесінің атқарып жатқан жұмыстары айтылып, жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, отбасы институтын нығайту мәселелері сөз болды. Отбасы тірегі – әкеге деген құрмет – ұрпаққа міндет екені, ананы қадірлеу – парыз екені баяндалды.

Іс-шара соңында отбасы тәрбиесінде, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген белсенді, отаншыл азаматтар арнайы марапатталды.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы 922 жалпы білім беру ұйымдарында «Ата-аналар кеңесі», «Әкелер мектебі» жұмыс істейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

—

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛОСЬ РАСШИРЕННОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПРЕЗИДИУМА ОБЛАСТНОГО СОВЕТА ВЕТЕРАНОВ ПОСВЯЩЁННОЕ ДНЮ ОТЦА

В Туркестане прошло расширенное заседание президиума областного совета ветеранов, посвященное Дню отца. В важной встрече, прошедшей в доме «Достык», приняли участие заместитель акима области Ертай Алтаев, руководители управлений, заместители акимов районов и городов, представители Туркестанского областного филиала Республиканского общественного объединения «Союз ветеранов», а также молодежь.

В ходе заседания заместитель акима области поздравил присутствующих с этим значимым праздником и отметил масштабную работу, проводимую областным советом ветеранов, подчеркнув роль этих инициатив в укреплении единства народа.

– В Туркестанской области немало достойных отцов и образцовых граждан. Вы своим жизненным опытом, мудростью и трудом вносите значительный вклад в развитие региона. В связи с этим выражаем глубокую благодарность областному совету ветеранов за активную роль в общественной жизни и воспитание молодежи. Президент страны Касым-Жомарт Кемелулы отмечал воспитание поколения как вопрос национальной безопасности. В этом направлении мы должны работать сообща. Особенно важна роль института отца в формировании у молодежи патриотизма, трудолюбия и семейной ответственности, – сказал Ертай Кенжебекулы.

На заседании обсуждались вопросы укрепления роли отца в семье, патриотического воспитания молодого поколения, сохранения и развития семейных ценностей. Мероприятие было направлено на признание роли отцов в обществе и семье, а также на поддержку их, что способствует пропаганде общенациональных ценностей.

В ходе встречи были озвучены важные мысли, предложения и мнения по воспитанию патриотичного, воспитанного и образованного поколения. Выступили ветераны, ученые и общественные деятели. Были обсуждены работа областного совета ветеранов, вопросы привития национальных ценностей молодёжи и укрепления института семьи. Отмечалось, что уважение к отцу – это обязанность поколения, а почитание матери – долг каждого.

В конце мероприятия активные, патриотично настроенные граждане, проявляющие активность в семейном воспитании и общественной работе, были отмечены специальными наградами.

Отметим, что в 922 общеобразовательных учреждениях Туркестанской области работают «Советы родителей» и «Школы отцов».

Пресс-служба акима Туркестанской области

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

15.06.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ: ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ: ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

14.06.2025
Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!

Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!

14.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған