• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 3 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ҚЫТАЙ САПАРЫ: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ІРІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА БОЛДЫ

11.06.2025
in Без рубрики
ҚЫТАЙ САПАРЫ: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ІРІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА БОЛДЫ

Түркістан облысы еліміздің өндірістік және инвестициялық әлеуетін нығайту бағытында жүйелі қадамдар жасауда. Соның аясында облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Іссапар Шаньдун провинциясының Линьи қаласында өтіп, делегация аймақтағы бірқатар жетекші өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
Сапардың басты мақсаты – заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесін зерттеп, өзара тиімді серіктестік орнату, сондай-ақ Түркістан облысына инвестиция тарту, индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру болды.
ЗАМАНАУИ ӨНДІРІСТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ТАНЫСТЫ:
Іссапар барысында делегация «Shandong Huasheng Zhongtian» ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын ірі зауытқа барды. Мұнда тракторлар, мотоблоктар, бау-бақшаға арналған машиналар, әмбебап бензин қозғалтқыштары сияқты соңғы үлгідегі техникалар өндіріледі. Бұл техника өнімдері Қытай нарығынан бөлек, көптеген елдерге экспортталатыны белгілі.
Сонымен қатар делегация электр желілеріне арналған металл тіректер мен көше жарығы жүйелерін өндіретін кәсіпорынның жұмысын көрді. Мұндағы өндірістік желілер халықаралық стандарттарға сай автоматтандырылған және жоғары сапалы өнім шығарады. Әсіресе, күн энергиясымен жұмыс істейтін жарықдиодты (LED) шамдарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл өнімдер экологиялық тұрғыдан тиімді, энергияны үнемдейтін, әрі ұзақ мерзімді қолдануға арналған.
Облыс басшысы Нұралхан Көшеров Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс және инфрақұрылымдық жобалар аясында осындай энергия тиімді және озық технологияларды қолдану қажеттігін атап өтті.
«Облысымызда инфрақұрылымды жаңғырту, заманауи қала мәдениетін қалыптастыру мақсатында жыл сайын көше жарықтандыру жүйелері орнатылып келеді. Былтыр 21 мыңнан астам көше шамы орнатылса, биыл тағы 7 522 шам қою жоспарланған. Жарықтандыруда шетелдік тәжірибені ескере отырып, экологиялық әрі үнемді өнімдерді қолдану маңызды», – деді аймақ басшысы.
ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР:
Қытай сапары барысында Түркістан делегациясы «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» компаниясының инновациялық жобаларымен де танысты. Компания смарт капсулалы үйлер, модульдік кеңселер, туристік кешендерге арналған ғимараттар, тасымалданатын тұрғын және қызметтік нысандар өндірісімен айналысады.
Аталған компания мен отандық BNK GROUP LTD ЖШС арасында бірлескен жобаның негізі қаланып, «KHAN TAU» брендімен капсулалы үйлерді Түркістанда өндіру ісі басталды. Бұл үйлер алдағы уақытта Түркістан облысындағы туристік аймақтарға орнатылмақ. Қазіргі таңда алғашқы дайын өнім Қазақстанға жөнелтуге әзір.
Капсулалы үйлер – бұл жаңа буындағы модульдік құрылыс шешімі. Олар экологиялық жағынан таза, жеңіл орнатылады, әрі жер телімін рәсімдеуді қажет етпейді. Ішкі құрылымы толық жабдықталған: жатын бөлме, ас үй, санитарлық торап, панорамалық терезелер, «ақылды үй» жүйесі, кондиционер және мультимедиалық жабдықтар бар.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ:
Қытай тарапы Түркістан өңірінің әлеуетін жоғары бағалап, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін білдірді. Тараптар өндірісті жергіліктендіру, мамандарды оқыту, технология трансфері, сондай-ақ бірлескен индустриялық аймақтар құру мәселелері бойынша нақты ұсыныстармен алмасты.
Жалпы, сапар барысында өңір делегациясы өндірістік кооперацияны кеңейту, жаңа жұмыс орындарын құру және экономикалық әртараптандыру мәселелерін басты назарға алды. Бұл бастамалар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Түркістан облысы әкімдігі алдағы уақытта да халықаралық әріптестікке басымдық беріп, шетелдік тәжірибені өңірдің нақты жобаларында қолдануды жалғастырмақ. Бұл сапар – Түркістанның жаһандық деңгейдегі экономикалық байланыстарын нығайту жолындағы маңызды әрі нақты қадам.
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған бұл сапардың нәтижелері алдағы уақытта өңірге әкелетін инвестиция көлемінің артуына, жаңа технологиялардың енгізілуіне және өмір сапасының жақсаруына тікелей әсер ететіні сөзсіз.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА АЭРАЦИЯ ӘДІСІМЕН КҮНІНЕ 2 РЕТ ЖОЛДАРДЫ СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАНДА АЭРАЦИЯ ӘДІСІМЕН КҮНІНЕ 2 РЕТ ЖОЛДАРДЫ СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

27.06.2025
КЛУБ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

КЛУБ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

26.06.2025
«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

21.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 134 АЗАМАТ  ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 134 АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

03.07.2025
ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

02.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған