• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 27 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

05.06.2025
in Қоғам
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев жұмыс сапарымен Келес және Сарыағаш аудандарында болып, өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Іссапардың басты мақсаты – медицина, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы инфрақұрылымдардың сапасы мен қолжетімділігін бақылау, сондай-ақ жергілікті халықтың өзекті мәселелерімен танысу және шешу жолдарын қарастыру.
Іссапар барысында облыс әкімінің орынбасары Келес ауданына қарасты Жүзімдік ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Бесқұбыр елді мекеніндегі бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысандарын аралады. Аталған медициналық мекемелердің құрылыс жұмыстарының барысы назарға алынып, сапасы мен уақтылы аяқталуына қатысты нақты тапсырмалар берілді. Бұл нысандар іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарына тегін әрі сапалы медициналық қызмет көрсету көзделуде. Сонымен қатар, тұрғындарға медициналық мекемені өз еркімен таңдау құқығы түсіндірілді.
Әлеуметтік саланы дамыту бағытында облыс әкімдігі жеке инвестицияларды тартуға да ерекше көңіл бөлуде. Осыған байланысты Бейсенбай Тәжібаев инвестор Жомарт Мелдешовпен кездесіп, аймақтағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тетіктері мен болашағы жайлы пікір алмасты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа нысандар салу, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелері қозғалды.
Келесі бағыт – аудандық медициналық мекемелердің қызметі. Бейсенбай Дәулетұлы Келес ауданындағы «Абай» аудандық ауруханасына арнайы барып, аурухананың жұмысымен және қызмет көрсету сапасымен танысты. Аудандық ауруханадағы кездесу барысында Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылхан Байдуалиев, облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Бақытжан Мырзагелдиев, аудандық аурухананың директоры Салтанат Исахова және сала қызметкерлері қатысты. Сонымен бірге, «Жаңақоныс» фельдшерлік-акушерлік пунктінің жағдайы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары медициналық қызметтердің халыққа әділ, қолжетімді және заң талаптарына сай көрсетілуіне баса назар аудару қажеттігін ескертті.
Іссапардың келесі бағыты – білім саласы болды. Сарыағаш ауданына қарасты Ынтымақ елді мекенінде орналасқан №9 Майлықожа жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын көзбен көріп, нысанды бақылауға алды. Мектеп ғимараты 1986 жылы салынған, жобалық қуаттылығы – 824 оқушы. Қазіргі таңда бұл білім ордасы облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылғы 25 мамырда басталған, ал аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айының соңына жоспарланған. Облыс басшылығы жауапты мердігер мекемеге құрылыс сапасына ерекше мән беруді, оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жұмыстарды уақытылы әрі тиянақты аяқтауды міндеттеді.
Әлеуметтік қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Бейсенбай Тәжібаев Келес ауданындағы Отбасын қолдау орталығының жұмысымен де танысты. Бұл орталық – халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған заманауи форматтағы мекеме. Мұнда азаматтарға консультациялық қызмет көрсету, құқықтық және психологиялық қолдау, әлеуметтік сүйемелдеу, әдістемелік және ақпараттық-ағарту шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Орталықтың қызметін тиімді ету мақсатында цифрлық технологиялар мен автоматтандырылған жүйелер кеңінен қолданылуда. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша орталыққа 293 адам жүгініп, 481 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетілген. Көмек алған азаматтардың басым көпшілігі – аз қамтылған отбасылар, көпбалалы аналар және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар.
Бұл іссапар – Түркістан облысы әкімдігі тарапынан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, әрі халықпен тікелей байланыс орнату жолындағы жүйелі жұмыстардың нақты көрінісі. Әкім орынбасары көтерілген мәселелер бойынша салалық басқармаларға тапсырмалар беріп, жауапты тұлғаларға орын алған кемшіліктерді жою және жобалардың сапалы іске асуын бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз...

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

27.07.2025
Как Шымкент решает проблему пробок и хаоса на дорогах

Как Шымкент решает проблему пробок и хаоса на дорогах

26.07.2025
ТАШЕНОВ КӨШЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТАШЕНОВ КӨШЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

25.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

27.07.2025
Как Шымкент решает проблему пробок и хаоса на дорогах

Как Шымкент решает проблему пробок и хаоса на дорогах

26.07.2025

ҚР конституциялық соты

25.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған