• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 12 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда туризм саласының өзекті мәселелері талқыланды

10.06.2025
in Басты ақпарат
Түркістанда туризм саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен облыстың туристік қызмет саласы өкілдерімен кездесу өтті. Мәжілісте аймақтағы туризм саласының жалпы ахуалы мен өзекті мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз...

Бизнесте жасанды интеллектті қалай тиімді пайдалануға болады?

Бизнесте жасанды интеллектті қалай тиімді пайдалануға болады?

12.06.2025
ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

12.06.2025

Около 50 шымкентских специалистов стали сертифицированными наставниками

12.06.2025

Жиын барысында Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдаулет Медеуов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, сондай-ақ туристік нысандар мен қонақ үйлердің басшылары баяндама жасап, өз салаларындағы түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарын ортаға салды.

Жиынға қатысқан кәсіпкерлер мен мейрамхана, қонақ үй басшыларының жалпы саны 30-дан асты. Олардың қатарында «Hampton by Hilton Turkistan», «Ramada», «KARAVANSARAY», «Royal Grand Hotel», «Sem Brand Hotel», «Eurasia», «Wow Plov», «1465» сынды танымал бизнес өкілдері болды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевтың баяндамасында бірнеше маңызды мәселелер көтерілді:

• Электр энергиясының құны – Қонақ үйлердің негізгі шығындарының бірі. Жыл сайынғы электр қуатына төленетін қаражат қызметкерлердің жалақысынан асып түсіп отыр. Бұл жағдай бөлме бағаларының өсуіне себепші. Осыған орай, қонақ үйлерге электр энергиясы бойынша шығынды субсидиялайтын өңірлік бағдарлама әзірлеу ұсынылды.

• Кадр тапшылығы – Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ мен Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері қонақ үйлерде дуальды білім беру негізінде тәжірибе өтсе де, кейін сол жерде жұмыс істеп қалмайды. Жалақының төмендігі және туған жерге оралу факторлары әсер етуде. Жергілікті бюджет есебінен бөлінген гранттар арқылы 3 жыл өңірде жұмыс істеу міндетін қою ұсынылды.

• Туристік инфрақұрылым мен ірі іс-шаралар қажеттілігі – Түркістанда халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар, мысалы, «Red Bull» секілді шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ іскерлік туризмді дамыту үшін Еxpo залдарын салу ұсынылды.

• Салық мәселесі – Төлеби ауданындағы демалыс орындарының көбісі Шымкент қаласында тіркелген, бұл салықтардың сол қала бюджетіне түсуіне себеп болуда.

• Жергілікті деңгейдегі кездесулер – Туризм әлеуеті жоғары Түлкібас, Төлеби, Сарыағаш аудандарында кәсіпкерлермен көшпелі кездесулер ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді саралап, жүйелі шешім қабылдау үшін құзырлы мекемелерге нақты тапсырмалар берілетіні айтылды. Сонымен қатар, туристік саланы дамытуда мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің тығыз әріптестігі маңызды екені атап өтілді.

Басқосу сала мамандарының арасында ашық пікір алмасу мен нақты ұсыныстарды ортаға салуға мүмкіндік берді. Түркістан өңірінің туризмін жаңа деңгейге көтеру үшін жүйелі қадамдар қажет екендігі анық көрінді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бизнесте жасанды интеллектті қалай тиімді пайдалануға болады?

Бизнесте жасанды интеллектті қалай тиімді пайдалануға болады?

12.06.2025
БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ: АССАМБЛЕЯ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ: АССАМБЛЕЯ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

12.06.2025
БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ

12.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған