• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 3 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

02.06.2025
in Қоғам
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ  ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту және көлік қозғалысын оңтайландыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыс әкімдігі тарапынан берілген тапсырмаға сәйкес, биыл Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұл – облыс орталығындағы көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған кешенді шараның бір бөлігі.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс маусымының қарқынын бақылау мақсатында облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында қаладағы ең ірі жол жобаларының бірі – Қазыбек би және О.Жарылқапов көшелері аралығындағы жол құрылысы назарға алынды. Ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын бұл жол төрт жолақты болып салынып жатыр. Жол құрылысы бүгінде жоспар бойынша ілгерілеп келеді. Егер қаржыландыру толық көлемде қамтамасыз етілсе, нысан ағымдағы жылдың соңына дейін толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, қаладағы тағы бір маңызды көше – Тәукехан көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта ұсақ түйіршікті асфальт төсеу, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар салу және су ағар жүйелерін ретке келтіру сынды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл көше қаланың тарихи орталығына жақын орналасқандықтан, жүктемесі жоғары. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қозғалысы әлдеқайда қолайлы болмақ.
Облыс басшысы сондай-ақ Б.Қалаби көшесін реконструкциялау жұмыстарының барысын тексерді. Ұзындығы 7,4 шақырымды құрайтын бұл көше де төрт жолақты етіп салынып жатыр. Жобаның тапсырыс берушісі – Түркістан қаласы әкімдігі. Құрылыс жұмыстары 2024–2026 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта жобаның іске асырылуына 3 млрд 463 млн теңгеден астам қаржы игерілді. Қалған бөлігіне қаржыландыру күтілуде. Бұл жоба аяқталғаннан кейін «Бекзат» шағынауданы мен қаланың батыс бөлігіндегі тұрғындар үшін көлік қатынасы анағұрлым ыңғайлы болады. Сонымен қатар, қала орталығындағы жол-көлік жүктемесі айтарлықтай азаяды.
Аралау барысында Нұралхан Көшеров қала әкімінен және оның тиісті орынбасарларынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі есеп алды. Жол жөндеу және құрылыс жұмыстарының мерзімінен кешікпеуі, сапалы орындалуы және бюджет қаржысының тиімді әрі ашық жұмсалуы басты назарға алынды. Әкім бұл бағыттағы барлық жұмыстарды жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді. Мердігер компанияларға жұмыстың сапасына, техникалық талаптарға сай болуына және құрылыс жұмыстары кезінде тұрғындарға кедергі келтірмеу жағына мән беру қажеттігін ескертті.
Облыс әкімінің бұл сапары – Түркістан қаласының заманауи әрі ыңғайлы шаһарға айналу жолындағы жүйелі жұмыстардың жалғасы. Қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту, жолдардың сапасын арттыру және тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы орта қалыптастыру бағытындағы бұл жобалар облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.

Оқи отырыңыз...

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

02.02.2026
«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

30.01.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

30.01.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Применение процедуры судебного банкротства физических лиц и восстановление платежеспособности

Применение процедуры судебного банкротства физических лиц и восстановление платежеспособности

03.02.2026
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

02.02.2026
2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ

2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ

02.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған