Шымкент қаласы — еліміздің ірі мұнай өндіруші кәсіпорындарының бірі саналатын «Теңізшевройл» компаниясының отандық бизнесті қолдауға бағытталған бастамасын жүзеге асыра бастаған алғашқы өңір. Делегацияның мегаполиске келген сапары аясында шымкенттік тауар өндірушілердің өнімдері қойылған көрме ұйымдастырылып, кәсіпкерлермен келіссөздер өтті.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Теңізшевройл» компаниясының өкілдерімен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде ынтымақтастық пен өнім жеткізу саласында төрт меморандумға қол қойылды. Жаңа серіктестер қатарында жергілікті кәсіпорындар — «Барыс-2007» ЖШС, «Baiterek Agro» ЖШС және «Intermilk Kazakhstan» ЖШС бар. Сонымен қатар, «Hill Corporation» ЖШС мен «Теңізшевройл» арасында жағармай материалдарын жеткізу жөнінде келісімшарт жасалды.
Off-take үлгісіндегі мұндай келісімшарттар жергілікті өндірушілерге тұрақты тапсырыстар мен даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бұл өңірдің өндірістік әлеуетін нығайтуға және ірі өнеркәсіптік жобалардағы қазақстандық құрамды арттыруға бағытталған маңызды қадам саналады.
Кездесу қатысушылары «Мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталық» қауымдастығымен бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударды. Келесі кезеңде KMG Kashagan B.V., Карачаганак Петролеум Оперейтинг (КПО) және North Caspian Operating Company (NCOC) секілді ірі мұнай-газ компанияларының өкілдерінің Шымкентке сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Сапар аясында ынтымақтастықты кеңейтуге және жергілікті кәсіпкерліктің әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа келісімдерге қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі____________________________________________________________________
НОВЫЕ СОГЛАШЕНИЯ С «ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ОТКРЫВАЮТ ПЕРСПЕКТИВЫ ДЛЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ШЫМКЕНТА
Город Шымкент стал первым регионом, где стартовала инициатива по поддержке отечественного бизнеса со стороны одного из крупнейших нефтедобывающих предприятий страны — компании «Тенгизшевройл». В ходе визита делегации в город состоялась выставка продукции шымкентских товаропроизводителей, а также переговоры с предпринимателями.
Аким города Габит Сыздыкбеков провёл встречу с представителями компании и местными предпринимателями. По итогам переговоров были подписаны четыре меморандума о сотрудничестве и поставке продукции. К числу новых партнёров «Тенгизшевройл» присоединились местные компании: ТОО «Барыс-2007», ТОО «Baiterek Agro» и ТОО «IntermilkKazakhstan». Кроме того, заключён контракт между ТОО «Hill Corporation» и «Тенгизшевройл» на поставку смазочных материалов.
Подобные соглашения, особенно off-take контракты, открывают локальным производителям доступ к стабильным заказам и новым возможностям для развития. Это важный шаг к укреплению производственного сектора региона и повышению доли казахстанского содержания в крупных промышленных проектах.
Отдельное внимание участники встречи уделили перспективам реализации совместных проектов в партнёрстве с Ассоциацией «Международный центр развития нефтегазового машиностроения». Следующим шагом станет визит в Шымкент представителей других ключевых игроков отрасли — KMG Kashagan B.V., Карачаганак Петролеум Оперейтинг (КПО) и North CaspianOperating Company (NCOC). Планируется подписание новых соглашений, которые помогут расширить кооперацию и усилить позиции местного бизнеса.