• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 6 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Теңізшевройл» делегациясы Шымкент кәсіпкерлерінің өнімдерімен танысты

04.06.2025
in Басты ақпарат
«Теңізшевройл» делегациясы Шымкент кәсіпкерлерінің өнімдерімен танысты

Шымкент қаласына «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) делегациясы ресми жұмыс сапарымен келді. Мұндағы мақсат – алпауыт компания өкілдерінің жергілікті тауар өндірушілердің өндірістік әлеуетімен және өнімдерімен танысу. ТШО өкілдері мұнай-газ саласында қолданылатын тауарларда импортты алмастыру аясында жергілікті өндіріс орындарын зерделеу және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

01.10.2025
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

01.10.2025

Делегация құрамында компания басшылығы, сатып алу және техникалық бөлімдердің сарапшылары, сондай-ақ, ТШО-ның тікелей мердігерлері бар.

Алдымен «Қызғалдақ» сарайында шымкенттік компаниялар тауарларының көрмесі ұйымдастырылды.

– Жергілікті тауар өндірушілердің көрмесіне қаламыздағы 20-ға жуық жергілікті кәсіпорын қатысып, өз өнімдерін ұсынды. «Теңізшевройл» ЖШС басшылығы әр компанияның өнімдерімен жеке-жеке танысты. Жалпы, ТШО делегациясының Шымкентке сапары үш күнге созылады, – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев.

Бұдан кейін өткен «Теңізшевройл» ЖШС делегациясымен кездесуге 70-ке жуық жергілікті кәсіпорын өкілдері қатысты. Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жергілікті тауар өндірушілерді ТШО-мен серіктестік байланыс орнату, өз өнімдерін жеткізу және өнімдерге қойылатын талаптар секілді сұрақтар қызықтырды. Ол сұрақтарға «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов бастаған делегация өкілдері мейлінше тарқатып жауап берді.

ТШО делегациясы үш күндік жұмыс сапары аясында Шымкенттегі гидравликалық сорғылар шығаратын «Karlskrona LC AB», «Asia Trafo» трансформатор зауытында, электр құрылғыларын өндіретін «Renaissance SHIK», май және майлау материалдарын шығаратын «HILL Corporation», мал бордақылап, ет өңдейтін «Baiterek Agro», тамақ өнімдерін шығаратын «Барыс-2007» және Intermilk сияқты өндіріс орындарында болады деп күтілуде.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ЕСКІ ПЛАСТИНКА» АҒА БУЫННЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТТЫ

«ЕСКІ ПЛАСТИНКА» АҒА БУЫННЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТТЫ

06.10.2025
ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

06.10.2025
Қайнарбұлақта жалпықалалық сенбілік өтті

Қайнарбұлақта жалпықалалық сенбілік өтті

05.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған